Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Сербия Республикасының Нови Сад университетінің ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы Vasic Bibigul студенттерге арналған дәріс-семинарлар циклы.

06.10.2025ж.

2025 жылғы 6 қазан күні «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Сербия Республикасының Нови Сад университетінің ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы Vasic Bibigul студенттерге арналған дәріс-семинарлар циклын бастады. Аталмыш ғылыми іс-шаралар 2025 жылғы 6 қазаннан 1 қарашаға дейін өткізіліп, педагогикалық бағыттағы студенттер мен жас ғалымдарға арналған заманауи білім беру үрдістерін терең талқылауды көздейді. Алғашқы кездесуде профессор «Мектептегі білім берудің қазіргі заманғы модельдері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі, цифрлық педагогика, инклюзивті білім беру және оқыту сапасын арттырудың инновациялық тәсілдері кеңінен қарастырылды.  Студенттер мен оқытушылар профессордың терең теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып, интерактивті сұхбат түрінде пікір алмасты.