Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Өнер – жүректің үнін жеткізетін ерекше әлем.

4 желтоқсан 2025ж.

Бүгін осы әлемнің есігін Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасы айқара ашты! 6В01403 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау мамандығының 4-курс студенттерінің бастамасымен, 1, 2, 3-курс білім алушыларының қолдауымен «Өнер тынысы» атты керемет көрме ұйымдастырылды. Бұл – бірнеше жылдық еңбектің, үздіксіз ізденістің және шығармашылық шабыттың жарқын нәтижесі. Көрмеде студенттердің қолөнер туындылары мен өз қолымен салған суреттері ұсынылып, әрбір жұмыс олардың жан дүниесі мен өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Көрменің мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, оқу барысында меңгерген кәсіби дағдыларын таныту және олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Әр туынды – еңбектің, талпыныстың, эстетикалық талғамның жемісі. «Өнер тынысы» – талант пен жүрек жылуы тоғысқан сәт.