Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Университет – мектеп: сапалы білімге бірге!

17.02.2026ж.

Университетте білім беру бағдарламасын әзірлеуші мектептермен байланыс - бұл жай ғана формалдылық емес, бәсекеге қабілетті, заманауи маман даярлаудың маңызды тетігі. Теория мен практиканы ұштастыру, жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнату – «университет–мектеп» сабақтастығының берік негізі.

17 ақпан күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі-мен бірлесіп «Бастауыш мектепте білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі, PhD доктор Сманова А.А., аға оқытушылар Спаналиева Г.Т., Шынтаева Н.А. Семинардың басты мақсаты – теория мен практика арасындағы алшақтықты жою. Университет оқытушылары ғылыми зерттеулер мен заманауи педагогикалық тәсілдерді ұсынды. Мектеп мұғалімдері сыныптағы нақты тәжірибелері мен өзекті сұраныстарын ортаға салды. Осындай бірлескен іс-шаралар білім сапасын арттыруға, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға және тәжірибелік бағыттылықты күшейтуге мүмкіндік береді.