Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АШЫЛУЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ресми түрде ашылғаны туралы хабарлайды. Кеңес 8D072 - «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша, 8D07212 - «Инновациялық текстиль» және 8D07211 - «Былғары бұйымдарының индустриясы» білім беру бағдарламалары шеңберінде қызмет атқарады. (2026 жылғы 29 қаңтардағы №42 бұйрық негізінде).

Қызмет ету мерзімі: 2029 жылғы 27 қаңтарға дейін.

Диссертациялық кеңестің құрылуы инновациялық текстиль мен былғары бұйымдары индустриясы салаларында докторлық диссертацияларды қорғауға жаңа мүмкіндіктер береді, өндірістік және өңдеуші салалардағы ғылыми зерттеулердің дамуына, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жас ғалымдарды, докторантура түлектерін және сала мамандарын диссертация қорғауға құжат тапсыруға шақырамыз!