Жаңалықтар

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Болгария мемлекетінің Святые Кирилл мен Мефодий атындағы Великотырново университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, 2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Ким Ольга Васильевна «Қазіргі заманғы тілдер» факультетінде академиялық мобильділік бағдарламасынан өтті.

Түркия Республикасы, Измир қаласындағы Эге университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында маңызды халықаралық іс-шара өтті.

Университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің ғылым жөніндегі декан орынбасарлары мен профессор-оқытушы құрамына арналған дөңгелек үстел өтті.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры Айсұлу Тұрарова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 1–15 желтоқсан  аралығында Түркияның Болу Абант Иеззет Байсал университетінде тәжірибе алмасуда.

Университет қабырғасында «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бауыржан Момышұлының мұрасы – ұлттық рухтың қайнар көзі» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №79 бұйрығына сәйкес, жоғары рейтингілік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар алыс шетелдің жетекші университеттерінен сарапшыларды тарту жоспары бекітілген.

Университет қабырғасында  «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының ұйымдастыруымен «MicroPython – 2025» Python тілінде бағдарламалаудың қазіргі мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университет қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Міржақып Дулатұлының рухани мұрасы және ұлттық ағартушылық идеялары» атты ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды.