СУ РЕСУРСТАРЫН ТҰРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Су ресурстары» кафедрасының профессоры Сейтхан Мелдебекұлы Қойбақов – 2020-2021 ж.ж. іске асырылатын «Развитие институционального потенциала для устойчивых подземных вод в Центральной Азии с упорам на Каракалпакстан, бывший регион Аральского моря в Узбекистане» UniCEN Халықаралық гранттық темасының қазақстандық жетекшісі болып табылады. Бұл жобаға Небраска университеті (АҚШ), ТИИМСХ (Ташкент), Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Нүкіс, Өзбекстан Республикасы), Назарбаев Университеті және Тараз университеті қатысады.

Толығырақ

«ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗЫМ»

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты «Экология» кафедрасының 1 курс студенттерін көне Тараз қаласының тарихымен таныстыру мақсатында мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкерлері Ұ.Ш.Шаизхан, А. Ғ.Жарылқапова, У.Х.Алимханова қатысты. Ғылыми қызметкерлер «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық музейінің жылжымалы көрме жәдігерлерімен таныстырды.

Толығырақ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ - ТАРАЗЫМ!

«Су ресурстары» кафедрасының 3 курс кураторы Байжігітова М.Т. қараша айының 3 жұлдызында студенттермен бірге «Тарихы терең Таразым» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді. Көне Тараз шахарының тарихына терең көңіл бөлінді.

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалымдар. Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел.  Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙШЫҒЫ

Қазан айының 27 жұлдызында Байжігітова М.Т. 3курс студенттеріне Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді. Ашық сағатта Қазақстан валютасының пайда болу тарихы айтылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Теңгенің 16 құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған болды. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді.

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Экология» кафедрасының 1 курс студенттері Дулати апталығының өтуіне байланысты университет музейімен танысты.

Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Онда қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік. Бұдан бөлек университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен.

Толығырақ

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ

2021 жылдың 20 қазанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының аға кураторы Г.Е. Қожамқұлова және 2 курс кураторы Г. Ж. Қойшыбаева 6В08613- "Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру", 6В08614- "Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар", 6В08615 – "Су ресурстарын басқару", 5В080500- "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламаларының 1,2,3,4 курс студенттерінің полиция қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме барысында студенттер үшін өте өзекті тақырыптарды қозғады: бұл әр азаматтың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар, нашақорлық және оның салдары үшін жазалау шаралары.

Толығырақ

МҰРАЖАЙ - ТАРИХ АЙНАСЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2021-2022 оқу жылының жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының Су ресурстары кафедрасының. 6В08613 – «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру», 6В08614 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 6В08615 – «Су ресурстарын басқару білім беру» бағдарламаларының 1 курс студенттеріне мұражайға экскурсия жургізілді.

Студенттерге. мұражайдың. таусылмас. қазына. екенін. ұғындырып,. өткен өмір. тарихын,. ескі. тарихын,. ескі. табиғи. заттардың. .қадір-қасиетін,. өткен. мен. болашақты. жалғастырушысы. екенін. түсіндіру.

Толығырақ

КІТАПХАНА – МӘРТЕБЕСІ БИІК КИЕЛІ ШАҢЫРАҚ

Кітапхана - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ақпараттық-ресурстық орталығы. Кітапхана 1962 жылы гидромелиоративтік-құрылыс институтының ашылуымен қатар құрылған.

Бүгінде кітапхана қызметінің бағыттары:

- қорды қалыптастыру;

- кітапхананың анықтамалық-библиографиялық қорын ұйымдастыру және жүргізу;

- электрондық ресурстардың ақпараттық технологияларын енгізу;

- ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Студенттер мен оқытушыларға 3 пунктте қызмет көрсетіледі: 1 Абоненттік бөлім. 2. Электрондық ресурстар залы. 3. Оқу залы.

Толығырақ

COVID – 19 ВИРУСЫ ЖӘНЕ САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

«Су ресурстары» кафедрасының 1-4 курс топ кураторлары М.Т.Байжігітова, Қойшыбаева Г.Д., Ержанова Н.К. және Қожамкулова Г.Е.  «COVID – 19 вирусы және сақтану жолдары» тақырыбында 1-4 курс студенттермен Сауран медицина орталығының қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Сауран медицина орталығының қызметкерлері коронавирус ауруының пандемиясы туралы толық мағлұмат берді. Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласының тұрғындары түсініксіз пневманияға шалдыққаны анықталған кезден басталады екен. Аталған вирус адамдарда COVID-19 деп аталатын инфекциялық ауру тудырады. Оның негізгі сипаты–өкпені зақымдауында. Вирусты жұқтырған адам еркін тыныстай алмайды, жөтел қысып, ыстығы көтеріледі. Бұлшық ет ауырады, іші өтіп, әлсіздік пайда болады. Алайда аталған сипаттамалар кәдімгі тұмауға ұқсағанымен, COVID-19 коронавирусының инфекциясы әлдеқайда қауіпті. Ауру туралы негізгі ақпаратты аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігін түсінуіміз керек. Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді:Түшкіру,Әлсіздік,Бас ауру,Дене қызуының көтерілуі,Тамақтың жыбырлауы,Кеуде қуысының ауыруы,Жүрек қағысының жиілеуі,Тыныс алудың жиілеуі, Коронавирус қалай таралады?

Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНА ЕҢ АЛҒАШ КЕЛГЕНІМІЗ

Университеттегі алғашқы күніңіз ең бірінші адасумен басталады.

Өйткені он бір жыл оқып, біліп келген үстеліңіз, кабинетіңіз жоқ енді. Санаңызда «аудитория» дейтін түсінік пайда болады. «Мұғалім» сөзін «профессор» дейтін ауқымды ұғым ауыстырады. «Лекция», «семинар» сынды таңсық атаулар сізді өзіңіз білмейтін әлемге жетелейді. Алғашқы күннен үлкен өмірге қадам басқаныңызды іштей сезіне бастайсыз. Себебі мектеп қабырғасындағы күндеріңізді алып орда университет ішіндегі алуан-алуан қызыққа толы нәрселер айырбастайды.

«Су шаруашылық және табиғатты пайдалану» институтының, «Экология» кафедрасының, «052-Қоршаған орта»білім беру бағдарламасының «6В05212-Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» мамандығының 1курс студенттері және топ кураторы Жанар Тлеукуловна Уйсимбаева

ТОП КУРАТОРЫ ЖАНАР ТЛЕУКУЛОВНА УЙСИМБАЕВА

Толығырақ

МАҚСАТЫМЫЗ – ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛУ

"Білім күні" құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

Толығырақ

СТУДЕНТТЕР САЯХАТТАДЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне 1,2 - курс студенттері саяхатқа шықты.

Толығырақ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Достық үйі ғимаратында Дулати университеті «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедраларының студенттері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қарсаңында Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесу өтті.

Толығырақ

ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Жыл сайын 5В080500  «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығының студенттері пәндік олимпиадаларға қатысады.

Толығырақ

ҰЛЫЛАР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» және «Экология» кафедралары Ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин тақырыбында семинар өтті.

Толығырақ

АР-НАМЫС КОДЕКСІ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ

Су шаруашылығы, экология және құрылыс институты  «Су ресурстары» кафедрасының жоспардан тыс мәжілісінде  Ар-намыс кодексі, академиялық адалдық және әдеп жөніндегі Кеңес ережесі, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы кафедра ПОҚ құрамы таныстыру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮРЕКТЕ

Адам өміріндегі ең игі ұлы істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасап адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастап, ізгіліктің нұрын себеді.

Толығырақ

ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК

«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын. – Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз.

Толығырақ
Top