М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті КеАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы – комплаенс-офицер бос лауазымына конкурс жариялайды!
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, комплаенс немесе ұлттық қауіпсіздік органдары саласындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлығы және ұйым қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын және корпоративтік басқару негіздерін білуі;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі заңнаманы білуі;
- мемлекеттік және шетел тілдерін меңгергені жөн.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- Белгіленген нысандағы өтініш;
- Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Белгіленген үлгідегі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті қоса берілген қызметтік тізімі;
- Үміткердің бағдарламасы (даму стратегиясы) – PowerPoint форматында рәсімделген, көлемі 7 слайдтан аспайтын презентация;
- Білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
- Жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулық жағдайы туралы №075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
- Құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- Қылмыстық заңнамаға сәйкес аталған лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейінгі 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттарды Корпоративтік хатшыға келесі мекенжай бойынша тапсыру қажет:
Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 15А, №1.4 корпус, 304-кабинет.
Байланыс телефоны: 8 777 507 8700.