Хабарландыру

2025-2026 оқу жылында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері, магистранттары және докторанттарына оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі қарастырылған. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 қазан – 13 қазан Әлеуметтік санатқа сәйкес келетін студенттер құжаттарын толық жинақтап, факультет деканатына тапсыруы қажет.

Назар аударыңыз

: • Құжаттар ереже талаптарына толық сәйкес болуы керек;

• Уақытылы тапсырылмаған немесе толық емес құжаттар қабылданбайды!

Қажетті құжаттар тізімін факультет деканатынан алуға болады.

«Спорттық бағдарламалау Федерациясы» Сіздерді студенттер арасында өтетін ICPC 2025 халықаралық командалық бағдарламалау чемпионатына қатысуға шақырады.

Кесте:

• 1/8 ICPC (біліктілік кезеңі): 26 қазан 2025, ЖОО базасында;

• Ширек финал: 15 қараша 2025, аймақтық ЖОО-ларда;

• Жартылай финал: 15-17 желтоқсан 2025, Алматы қ.

Командалар математика, информатика және бағдарламалау мамандықтары бойынша студенттерден құралады.

Тіркелу сілтемесі: https://icpc.global/private/teamRegistration/site/38055

Сұрақтар бойынша: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,  +7 701 966 2023

Құрметті профессорлық-оқытушылар  құрамы және 1 курс студенттері!

Сіздерді және 1 курс студенттерін   25 қыркүйек күні 2025 ж., 15:00-де өтетін IPR SMART платформасымен жұмыс істеуге арналған "Цифрлық сабаққа" шақырамыз (https://www.iprbookshop.ru/)!
Вебинар спикері - EDP HUB компаниясының даму жөніндегі директоры Вита Кутуева, платформада қалай жұмыс істеу керектігін нақты көрсетіп, оқытушылар мен студенттердің жұмысын жеңілдететін мүмкіндіктермен бөліседі!

Оқытушыларүшін:

  • Силлабусты жедел жаңарту-өзекті басылымдар мен ресурстарды тауып, оларды силлабус пен әдістемелік материалдарға біріктіру.
  • Жаңа пәндерді сапалы әдебиетпен қамтамасыз ету- білім беру бағдарламаларын заманауи басылымдармен толықтыру үшін ЭБС ресурстарын пайдалану.
  • Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру-интерактивті, көрнекі және қызықты сабақтар үшін цифрлық құралдарды қолдану.

Студенттерүшін:

  • Сабақтарға, сынақтарға және емтихандарға дайындалу үшін қажетті оқулықтар мен мақалаларды тез табуды үйрену.
  • IPR SMART үлкен цифрлық кітапханасымен жұмыс істеудің ыңғайлы құралдарын меңгеру.
  • Рефераттар мен курстық жұмыстар үшін сілтемелер мен библиографияны оңай рәсімдеуді үйрену.
  • Сарапшының лайфхактарын тыңдап, уақытыңды қалай үнемдеп, тиімді оқуға болатынын білу.

Барлық қатысушылар - сертификаттарға ие болады.

Тіркелу сілтемесі:https://edp-hub.kz/smart-digital-lesson

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,жас ғалымдар мен студенттер!

Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз! Elsevier барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
  
  - 24 қыркүйек сағат 15.00
   Тақырып: «Поиск и обзор научной литературы в Scopus: углубленный вебинар» 
   Тіркелу сілтемесі:
  https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_zbgmt6frQhSOlKoAqd_ayQ#/registration 
  - 26 қыркүйек сағат 15.00
  Тақырып: «Подбор журналов в Scopus: углубленный вебинар» 
   Тіркелу сілтемесі:
  https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_cMsKwPkCSpiay54RMl6iGA#/registration  
   - 29 қыркүйек сағат 15.00
  Тақырып: «Подготовка и написание научной статьи» 
   Тіркелу сілтемесі:
  https://elsevier.zoom.us/webinar/register/WN_fPfh5XAsScK6SlH7kd1Cug#/registration

БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ!

Құрметті профессорлық-оқытушылар  құрамы, жас ғалымдар және студенттер!  

2025 ж. 23 қыркүйек күні   ҚР CABI өкілі  Жабров В.В. мырза  мына бағыттар бойынша  семинар- тренинг өткізеді:

  • -Кітапхана ісін цифрландыру – университеттерге арналған MyLOFT электрондық кітапханасы. (20 мин.)  
  • -Trinka жасанды интеллект көмегімен академиялық мақсаттар  үшін студенттердің жарияланым белсенділігін арттыру. (20 мин.)  
  • -GCRIS-университеттің барлық ғылыми-зерттеу қызметі туралы есептерді сақтау, талдау, өңдеу және қалыптастыру жүйесі. (20 мин.)  
  • -Emerald баспасының ғылыми-ақпараттық ресурстарының таныстырылымы. (30 мин.)  
  • -CAB International баспасының ғылыми-ақпараттық ресурстарының таныстырылымы.   (30 мин.)

Өтетін орны:  Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 оқу залы (Төле би 60, 2.1 техкешен,) Уақыты:  10.00-13.00

Кітапханалық-ақпараттық орталық, №7 оқу залы (Жамбыл даңғылы 16А, 5.3 пед.кешен)  Уақыты:  14.00-17.00 

КЕЛІҢІЗДЕР!  ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!