Факультет жаңалықтары (Экономика)

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – тек болашақ мамандарды даярлап қана қоймай ғылыммен айналысуына мүмкіндік жасайтын оқу орны. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері әртүрлі бағытта ғылыммен айналысып, көптеген жетістіктерге жетіп келе жатқаны – осы сөзіміздің дәлелі.

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай университетімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Экономика және құқық факультеті», «Қаржы және есеп» кафедрасы университетіміздің ғылыми жетістіктері мен осы салада жетістікке жеткен оқытушылар, студенттерді насихаттау және кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды.

Мектеп бітірушілеріне кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу университеттің  оқу корпустары, кітапханалары, оқу-лабораториялары, факультет деканаты мен кафедраларды таныстырудан  басталды. Таныстыру жұмыстарын «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к., кафедраның ғылыми жұмыстарына жауапты  А.Молдабекова жүргізді. «Экономика және құқық» факультетінің деканы з.ғ.к. Қ.Ернишев, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент С.Қожабеков университет жайлы ақпараттармен бөлісті.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕАҚ «Аудит және салық салу» бағытында жоғары білімді бакалавр және магистр мамандарын даярлаумен айналысатын ауқымды білім ордасы саналады.

Білім берудің заманауи ерекшеліктеріне байланысты «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы мен 2020 жылы 23 желтоқсанда Директорлар кеңесімен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес студенттер тәрбиесі мен тәжірибесіне бағытталған оқытуды күшейту, атап айтқанда тәжірибелі мамандарды тарту, дуальді оқыту, кафедра филиалдары жүйесін дамыту қарастырылған, сәйкесінше дуальды білім беру элементтерін оқу процесіне енгізу аймақта жоғары білікті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлап шығару, әрі студенттер мен оқытушы құрамының білікті болуына ықпал ету барысында, тәжірибесі мол мамандардан іс жүзінде тәжірибелік дәріс алу, теория мен тәжірибе ортасын етене жақындату болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай бухгалтерлік есеп пен салық есебі халықаралық стандарттар бойынша жүргізілуде, сондықтан қыры мен сыры көп қаржылық есеп бойынша есептілік жүргізу саласында болып жатқан өзгерістер мен толықтыруларды меңгеру мақсатында, 2022 жылдың 05 мамыры, сағат 10-00 де, 2.6.319 аудиторияда «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы  М.Әбдіманаповтың «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, және есеп жүргізу бағытындағы басқа да заңдылықтар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысып, ұйымдастырушыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Студенттерді біліктілікке баулудың, заманауи маман етіп шығарудың жолындағы бірден-бір тәжірибелік мәні бар дәріс ретінде қабылданды, әрі тартымды өтті.

Дулати Университетіне Heilbronn Университетінің (Германия) профессорлары Яворски Ежи, Александр Джессер және Дитмар Хегель 18-23 қыркүйек аралығында зерттеулер мен білім беру аясында тәжірибе алмасу мақсатында келді.

Шетелдік профессорлар "Туризм", сондай-ақ экономикалық мамандықтардың студенттеріне дәріс оқумен қатар, халықаралық студенттік айырбас бағдарламаларын қаржыландырудың бірнеше нұсқаларын түсіндіре өтті.
Апта барысында шетелдік әріптестер "Экономика" кафедрасының негізгі серіктестерінің бірі - "Қазфосфат" ЖШС-не визит жасап, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, ЖШС қызметкерлеріне оқыту семинарын жүргізді.
Университет қонақтары өлкеміздегі тарихи орындарға гидпен бірге экскурсияға шықты.

Дулати Университетіне шетелдік профессорларының визиті жалғасуда. Малтепе Университетінің (Түркия) профессоры Сефа Четин 10-қыркүйектен бастап 1 ай бойы "Туризм", "Экономика", "Менеджмент", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтарының студенттері мен магистранттарына дәріс оқуда.

Шақыртылған шетелдік профессор "Экономика", "Туризм және сервис", "Менеджмент" кафедраларының оқытушы-профессорлар құрамына және білім алушыларға "Персоналды басқару", "Экономиканы мемлекеттік реттеудің бағыттары",

"Заманауи басқару бағыттары", Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік трендтер" аясында семинар өткізеді.
Шетелдік профессор оқытушаларға ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ, импакт факторлы журналдарға ғылыми мақала жариялау бойынша кеңестер жүргізеді.

Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

17 наурызда  6В04112 – "Бизнес менеджменті", 6В04114 – "Мемлекеттік және жергілікті басқару", 6В04128–"Менеджмент" білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттерімен "Наурыз мерекесі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Ұлттық киімдегі білім алушылар осы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, өлең оқып, музыкалық нөмірлер ұсынды. Сондай - ақ, екі байқау - "наурыз-көже дайындау" (екі команда осы мерекелік тағамды дайындау үшін қолданылатын ингредиенттерді таңдады) және "Бәйге"викторинасы өткізілді. Қонақтар өткізілген іс-шараға риза болды.

28.03.2023 жылы «Экономика және құқық» факультетінде «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасы «Цивилист» студенттік ғылыми үйірмесімен бірлесіп «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғауға қатысуының құқықтық негіздері (Правовые основы участия органов местного самоуправления в охране окружающей среды)»  тақырыбында.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының заңгері Сатарова Дамира Жолдасовна, «Цивилист» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері және кафедраның оқытушылары қатысты, сонымен қатар шақырылған қонақтар.

Дөңгелек үстелде келесі баяндама тыңдалды:

  1. Правовые основы участия органов местного самоуправления в охране окружающей среды. Бабаханова Д. магистрант 7М04213-Құқықтану. ЖетекшісіДжабаилдаева Г.Т. 
  2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғауға қатысуының құқықтық негіздері. Сағымбаева Альбина, 6В04214-21/3. Жетекшісі: Г.Т. Джабаилдаева.
  3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғауға қатысуының құқықтық негіздері. Джаналиева Раули Рустембековна. Жамбыл облысы, Байзақ колледжінің студенті. Жетекшісі: Сыздыкова Меруерт Сабитовна
  4. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Ғабдысамет Мадина. Н.Тілендиев атындағы көп балалы және маз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты. Жетекшісі: Карасаева Бахыткул Байрамқызы.
  5. Охрана окружающей среды: проблемы и пути решенияСарымамед-оглы Дениза Пашаевна, гимназия №1 им. А. Бокейханова. Руководитель: Русина Анна Александровна.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша үздік баяндамалары үшін мектеп оқушылары мен колледж студенттері келесі тізімге сәйкес диплом және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

1 орын Джаналиева Раули Рустембековна, ғылыми жетекші: Сыздыкова  Меруерт Сабитовна.

2 орын Сарымамед-оглы Дениза Пашаевна, ғылыми жетекші: Русина Анна Александровна.

3 орын Ғабдысамет Мадина, ғылыми жеткші: Карасаева Бахыткул Байрамқызы.

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселесіне айналған этносаралық қатынастарды жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі мен жұртшылығы маңызды қызметтерді атқарды.

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып отыр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.

Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Жамбыл облысында 1991 жылдардың өзінде облыста тағдыр талайымен келген 80-нен аса түрлі этностар мен этникалық топтар өкілдері мекен етті. Сол кезеңдерде облыстағы этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік, мәдени мәселелерін шешу мақсатында бірнеше этномәдени бірлестіктердің орталықтары ұйым ретінде құрылды.

Бүінгі күнде Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға сүбелі үлес қоса отырып, консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органга дейінгі өрлеу жолынан өтті. Ассамблея Қазақстан Республикасы Конституциясының, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларын адамдардың құқықтары мен бостандығын іске асыруды бейнелеуші негізгі Қазақстандық демократия институттарының бірі болып отыр.

1995-2022 жылдары аралығында облыстағы этностар мен этникалық топтардың этномәдени бірлестіктерінің саны 75-ке жеткен. Олардың 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.   Олардың 34-і қоғамдық тіркеуден өтті.

Аталмыш мерекеге орай, 19 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасының оытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Ассамблея өкілдерімен кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, Әулиеата «Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Кабиева Айгүл Кабиевнаның басшылығымен тәжік, поляк, қарачай ұлт өкілдері келіп, өз ықыластарымен бөлісті. Сонымен қатар, ұлт өкілдері өз ойларымен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен бөлісті.

Бұл кездесудің жалпы мақсаты Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету болып отыр.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! Алда келе жатқан 1 мамыр мерекесі баршамызға құтты болсын!

19.04.2023 жылы «Экономика және құқық» факультетінде «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасы «ҚР-дағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықта адам құқықтарын қорғауды әкімшілік-құқықтық реттеу (Административно-правовое регулирование защиты прав человека в семейно-бытовом насилии в РК)» тақырыбы бойынша ашық ғылыми семинар өткізді.

Ашық ғылыми семинарға «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ мамандары, заңгер Ізбасар Арайлым Бексейітқызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Тюменева Айдана Құдайбергенқызы, психолог мамандар Мұхамеджан Ұлдана Уалиханқызы, Калиева Динара Сабыржанқызы, «Азаматтық құқық және процесс» кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.

Семинарда заңгер Ізбасар Арайлым Бексейітқызы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын көрсететін қызмет түрлері» тақырыбында, аға оқытушы, құқық магистрі Суркова Светлана Сергеевна «Административно-правовое регулирование защиты прав человека в семейно-бытовом насилии в РК» тақырыбында және студенттер Артель Дариға (3 курс), Жамаш Әсел (2 курс) баяндамамен қатысты.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Тюменева Айдана Құдайбергенқызы презентация жасады, ал психологтар Мұхамеджан Ұлдана Уәлиханқызы, Калиева Динара Сабыржанқызы ғылыми семинарға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.

Ғылыми семинар соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.