Білім берудегі тарих және география

Білім берудегі тарих және география

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

Кафедраның мақсаты –тарих және география салалары бойынша сапалы білім беру арқылы студенттердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту. Сонымен қатар білім алушылардың кеңістіктік және тарихи ойлау қабілетін қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, білім беру жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын Республикаға және жергілікті өңірге педагог мамандарды даярлау көзделеді. Кафедра білім беру процесіне заманауи оқыту технологияларын енгізуді, академиялық ұтқырлықты дамытуды және ғылым мен білім интеграциясын қамтамасыз етуді мақсат етеді.

    

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасы педагогикалық білім беру саласында тарих және география пәндерінің мұғалімдерін даярлайтын құрылымдық бөлімше болып табылады. Кафедраның негізі 1967 жылы Жамбыл педагогикалық институты ашылғаннан қаланған. Бүгінгі күнде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің құрамында.

  Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы18 оқытушы, оның ішінде: 4 PhD, 3 ғылым кандидаты. Кафедра оқытушыларының басым бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оған дәйек ретінде кафедра оқытушыларының Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын гранттық жобаларды орындауға қатысуын, тұрақты түрде Scopus және Web of Science деректер базасына енетін жоғары рейтингілі журналдарда, ҒжЖБССҚЕК ұсынған журналдарда мақала жариялауын, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуын келтіруге болады.

   Кафедрада педагогикалық бағыттағы келесі білім беру бағдарламалары іске асырылады:

Бакалавриат

6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау

6В01506-География мұғалімдерін даярлау

6В01512 - География және тарих мұғалімдерін даярлау

6В01603  -  «Тарих және қоғамтану» (ІP)

6В01518 - «География» (ІP)

Магистратура

7M01601 - Тарих педагогтарын даярлау

    «Білім берудегі тарих және география» кафедрасына қарасты білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер мен магистранттар № 2.5 және 5.3  оқу корпустарында білім алады. Мұнда 4 компьютерлік сынып, 1 ресурстық орталық, кітапхана абонементі және ақпараттық арналарға, интернеттің жергілікті желісіне қолжетімділігі бар оқу залы орналасқан.

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасына арнайы оқу аудиториялары мен кабинеттер бекітілген, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, т. ғ.к., профессор  Ш. А. Әділов  атындағы кабинет (2.5 -314), ҚР гуманитарлық  академиясының корр. мүшесі т.ғ.к., профессор Ж.К. Боданов атындағы кабинет (2.5-316), т.ғ.к., доцент Р.Байлыбеков атындағы  (оқу-әдістемелік) аудитория (2.5-327), т.ғ.к.,профессор Р. Мылтықбаев атындағы дәріс аудиториясы (2.5-318), ҚР Халық қаһарманы Ғ. Байтасов атындағы дәріс аудиториясы(2.5-425). Бірнеше аудиториялар компьютерлік техникамен, мультимедиялық құралдармен (компьютерлер, принтерлер, интерактивті тақталар) жабдықталған.

Кафедра мамандығындықтары төмендегі мекемелермен серіктестік туралы келісім шартқа отырған:

  • Тараз қаласындағы № 51 орта мектеп
  •  Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейі
  • Тараз қаласындағы №53 орта мектеп
  • Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия
  • Тараз қаласындағы №56 орта мектеп
  • Тараз қаласындағы «№44 орта мектеп

«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының білім беру бағдарламаларының іске асырылуы түлектердің жұмысқа орналасуы болып табылады. Мемлекетімізде Педагог мәртебесі көтеріліп, олардың еңбекақысы да көтеріліп келеді. Осыған орай бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң нәтижесін көрсетеді.

6В01601 - Тарих мұғалімдерін даярлау, 6В01506  - География мұғалімдерін даярлау,  6В01512-География және тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасын бітірген студент келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

  • Орта мектеп мұғалімі
  • колледждерде оқытушы 
  • мұражай және мұрағат қызметкері

7M01601 - Тарих педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасын бітірген магистрант келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

  • жоғары оқу орындарының оқытушысы;
  • мектеп пен колледждерде оқытушы ;
  • ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми қызметкер;

Бакалавриат

6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау

6В01506 – География мұғалімдерін даярлау

6В01512 – География және тарих мұғалімдерін даярлау

6В01603 - Тарих және қоғамтану (IP)Даму жоспары -2025-2029 жж.

6B01518 -  География (IP)

Магистратура

7М01601 – Тарих педагогтарын даярлау - Даму жоспары - 2025-2027 жж.

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы
Тасуов Болат Декан 51-00-66 +7(701)677-48-33 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Джунбаева Гульнур Нурхалиевна Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 +7 707 886 56-16 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Толқынбаева Айнұр Тұрсынханқызы Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 +7(747)956-04-80 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Бекеева Гульсим Ережепбаевна Ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 +7)707)791-60-01 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Мухтарова Майра Аскаровна Маман  51-00-66 +7(702)937-53 35 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Муханова Меруерт Демегеновна Маман 51-00-66 +7(775)250-57-90 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.