Жаңалықтар

Dulaty University-дің авторлық онлайн-курсы Coursera платформасында!

«Педагогика: дидактикалық аспект» атты авторлық онлайн-курсы Халықаралық Coursera білім беру платформасында жарияланды.

Курс авторы – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор К.Д. Бузаубакова.

Курс заманауи дидактиканың ғылыми негіздерін, оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын, білім беру процесін жобалау, цифрлық білім беру құралдарын пайдалану және оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи тәсілдерін қамтиды.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ Coursera жобасының серіктесі Bilim UpSkill компаниясына курсты әзірлеудің барлық кезеңдерінде көрсеткен консультациялық, әдістемелік және техникалық қолдауы үшін шынайы алғыс білдіреді.

Сондай-ақ курсты әзірлеу барысында көрсеткен әдістемелік және техникалық қолдауы үшін Онлайн оқыту бөлімі қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.

Курс авторын және жобаға атсалысқан барлық әріптестерімізді жаңа курстың жариялануымен құттықтаймыз! Курстың халықаралық аудиторияның қызығушылығына ие болып, педагогтердің кәсіби дамуына зор үлес қосуына тілектеспіз.