Факультет жаңалықтары (Дене шынықтыру)

«Дене мәдениеті мен адамның денсаулығын қалыптастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел ашық отырысы өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» факультеті «Дене тәрбиесі» кафедрасында студенттердің ғылыми «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды!» атты үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дене мәдениеті мен адамның денсаулығын қалыптастырудың заманауи тәсілдері»  тақырыбында дөңгелек үстел ашық отырысы өтті.

Тараз қаласы мен Жамбыл облысының мектеп оқушылары және колледж білімгерлері қатысуға шақырылды. Ашық дөңгелек үстел отырысына самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, КСРО-ның кубогінің жеңімпазы, Әлем кубогының жеңімпазы (Венесуэла-1984), Әлемнің шеберлер арасында 10-дүркін чемпионы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Алмас Мұсабековпен және қазақ және дзюдо күресінен ҚР чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, спорт шебері, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті Қазбеков Нұржан спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізу және жоғары спорттық шеберлікке жету үшін тәжірибесімен және әдістерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге №3 Байзақ колледжі, 67 орта мектеп, Тараз инновациялық колледжі, Жамбыл индустриялдық колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі және Дулати университеті студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты:
-Жастарға салауатты өмір салтын қалыптастырудың, денсаулықты сақтау жолдарымен бөлісу;
– Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін және заңнамаларды түсіндіру;
– Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
-Тәжірибелі жеңімпаз ағаларымыздың өмір тәжірибелерінен сабақ алу;

Дөңгелек үстелде қазіргі жастарымыздың ұялы телефонмен көп отыратындығы, қимылдың аздығы жайлы баяндалды, сонымен қатар мәселелерді болдырмаудың жолдары және ұсыныстар айтылды. Студенттер мен оқушылар мәселелерді көтере отыра, шешімдерін де ұсынды.

Отырысқа қатысушылар өз пікірлерін айтып, сұрақ-жауап қойылып, аталған іс-шараны жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылардың белсенділігі үшін сертификат және жетекшілеріне алғыс хатпен марапаттап, Алмас Мұсабековпен және Қазбеков Нұржан ағаларымызға арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара жастарымыз үшін тәрбиелік, патриоттық маңызды мәселе екенін дәлелдеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қозғалыс - адамның денсаулығы мен өмір сапасының басты кепілі екенін көрсетті.

«Дене тәрбиесі» кафедрасында студенттердің «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды!» атты ғылыми үйірмесінің жетекшісі: Қамысбаева Джанар Қалабайқызы