Факультет жаңалықтары (Экономика)

"10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтарын қоғау күні"

Бүгін "10 желтоқсан - Халықаралық адам құқықтарын қоғау күні" аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті "Мемлекеттік және әкімшілік құқық" кафедрасының оқытушы Кадыркулов А.Ж. Тараз қаласының №39 мектеп-гимназиясында 9-11 сыныптар оқушыларына "Заң және адам құқығы" тақырыбында ашық семинарды өткізді. Сонымен қатар, университеттің мамандықтары жайлы кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді, таратпа материалдарды оқушыларға берілді.