Экономика және құқық факультетінің кәсіптік бағдар беру жұмысына сәйкес «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасына Тараз қаласымен Жуалы, Талас аудандарының мектептері мен колледждері бөлістіріліп берілді. Жуалы ауданында 5 мектеп, Талас ауданында 4 мектеп, Тараз қаласында 2 мектеп және бір колледж.
Азаматтық құқық және процесс кафедраның әлуметтік парақшаларында, унивеситеттің ресми сайтында мамандықтарымен таныстыру мақсатында және университетке талапкерлерді тарту мақсатында түрлі ақпарат жарияланады, талапкерлерге түсіндіру жұмыстары мен бренд-буклеттер таратылады. Соңғы жылда дамып отырған жаһандық тенденциялар Қазақстандық жоғары білім жүйесінің алдында жаңа тосқауылдар қойып отырғанын және сұранысқа ие it мамандықтары мен техникалық мамандықтар бойынша кадрларды сапалы түрде дайындау, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жалпы міндеттер қатарында екені айтылып, оқушыларға қажетті ақпараттармен буклеттер таратылды. Сонымен қатар универсиетттің қос диплом бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді
Кафедра оқытушылары тарапынан талапкерлерді мазалайтын, көкейндегі сұрақтарға, қойылған негізгі сауалдарға жауаптар берілді. М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетінің мамандықтары, университет тарапынан бөлінентін жеңілдіктер, ғылым, білім, өнер, спорт салалары бойынша, білімгерлер жатаханасы және әскери кафедраның жұмысы туралы, мамандық түрлері, қосымша мамандықтар беретін факультет жұмысы және тағы басқа мәліметтер берілді. ҰБТ мен кешенді тестілеудің жаңа форматының ерекшеліктері, бейінді пәндерге сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарУ мамандықтары, мамандықтарға қабылдау ережесі секілді мәселелер студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған негізгі сауалдарға жауаптар берілді.
«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасы факультеттің және университеттің мамандықтарымен таныстыру мақсатында және университетке талапкерлерді тарту мақсатында 2025 жылдың 6 қараша айында Жуалы ауданына келесі оқытушылар Бекенова А.Б. және Кебеева Б.П., Махан Т.У., Суркова С.С. төменде аталған мектептерге барып қайтты.
