Факультет жаңалықтары (Экономика)

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

6В04212 — М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Алтынхан Дания академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде (Алматы қ.) оқудан сәтті өтті. Бағдарлама аясында студент бейіндік пәндерді меңгеріп, мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық саласындағы кәсіби білімін кеңейтті. Алынған нәтижелер негізгі білім беру бағдарламасында есепке алынады. Академиялық ұтқырлықтың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!