Факультет жаңалықтары (Экономика)

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

Студенттердің академиялық ұтқырлығы

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В04214 - "Құқықтану" Білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Әбдуладжанов Назиржан академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025-2026 оқу жылының 1 академиялық кезеңінде Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде (Алматы қ.) оқудан сәтті өтті. Оқыту барысында бейіндік пәндер игеріліп, құқықтық салада қосымша кәсіби құзыреттер алынды. Оқуда және ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейміз!