Факультет жаңалықтары (Экономика)

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері арасында Республика күніне орай волейболдан факультеттер арасында өткен жарыста 1 орын алған студенттеріміз 

Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен «Бухучет вокруг нас» атты Еуразиялық студенттік олимпиадасы өтті. Ауқымды білім сайысы бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу бағытындағы студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту мен тәжірибе алмасуына бағытталды.

Бұл олимпиада Ресей Федерациясы Білім министрлігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №649 бұйрығына сәйкес, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатындағы ресми жарыстар тізіміне енген. Биылғы додада 11 елден – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Оңтүстік Кореядан келген 93 жоғары оқу орнынан 834 студент 128 команда құрамында бақ сынады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті студенттері бұл беделді білім бәйгесіне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сантай Тлеубаеваның жетекшілігімен «Кәсіпкерліктегі бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері: Виктория Чухно, Ангелина Цуман, Яна Рейценштейн, Аяулым Оразымбетова, Руслан Королев, Валерия Ли және Алина Лашкова қатысып, өз білімдері мен дағдыларын халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Олимпиада аясында студенттер жеке сынақтан өтіп, 80 минут ішінде бухгалтерлік есеп пен аудит саласына қатысты тест сұрақтарына жауап берді. Бұл кезең тек білім мен логиканы ғана емес, жылдам шешім қабылдай білу қабілетін де талап етті.

Айта кетерлігі, университетіміздің студенті Яна Рейценштейн жеке есеп нәтижесі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, Тараз университетінің абыройын асқақтатты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, ғылыми жетекшілер арнайы алғыс хаттарға ие болды.

Бұл – білім мен табандылықтың жемісі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға кәсіби шыңдалу мен жаңа белестерді бағындыру жолында толағай табыстар тілейміз!

Сонымен қатар, олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған Ресей халықтар достығы университетінің басшылығына, ұйымдастыру комитетіне және бухгалтерлік есеп, аудит және статистика кафедрасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.

2025 жылдың 10 сәуірінде «Қаржы» ОП 2 курс студенттері Даулетчина Карима мен Серік Балнұр доцент Д.Б. Мұратова. «Менің арманым» жастар бизнес-жобаларының халықаралық конкурсында өз жұмысының бастапқы кезеңінде (стартап) іскер топтардың құрамына кіретін колледж студенттері, жоғары оқу орындары мен магистранттар арасында жеңімпаз атанды.

Байқаудың мақсаты – студенттер мен аспиранттарды кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы инновациялық қызметті жандандыру. Байқаудың мақсаты: студенттер мен магистранттар арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. Халықаралық байқаудың ұйымдастырушысы – Орталық Азия инновациялық университеті мен Шымкенттегі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Халықаралық жарысқа әр елден 37 команда қатысты.

Ғылыми этиканы және білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында Экономика және құқық факультетінде антиплагиат мәселелеріне арналған семинар сәтті өткізілді. Іс-шара университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін жинап, академиялық адалдықты қамтамасыз ету стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.

Семинардың мақсаты — қатысушыларды ғылыми және оқу жұмыстары барысында плагиатты болдырмауға арналған заманауи тәсілдер мен құралдармен таныстыру. Семинар сарапшылары қазіргі таңда өзекті болып отырған мәтіндік ұқсастықты анықтау әдістерін қарастырып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және жасанды интеллектті қолдану жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.

Семинар нәтижесі — қатысушылардың академиялық адалдық нормаларын сақтау маңыздылығы жөніндегі хабардарлығын арттыру, ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту және университеттің институционалдық стандарттарын нығайту.

Бұл іс-шара ғылыми этиканы нығайту жолындағы маңызды қадам болды және алдағы уақытта жаңа сарапшылар мен заманауи технологияларды тарта отырып, жалғасын табатын болады.

«Антиплагиат мәселесі бүгінгі күні ерекше өзекті болып тұр, және біз осындай іс-шаралардың ғылыми этиканы дамытуға және университеттегі білім беру стандарттарын нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Семинар университетте ғылыми адалдық мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңге айналды, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын жақсарту бойынша болашақ қадамдардың негізін қалады.

Ғылыми этиканы және білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында Экономика және құқық факультетінде антиплагиат мәселелеріне арналған семинар сәтті өткізілді. Іс-шара университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін жинап, академиялық адалдықты қамтамасыз ету стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.

Семинардың мақсаты — қатысушыларды ғылыми және оқу жұмыстары барысында плагиатты болдырмауға арналған заманауи тәсілдер мен құралдармен таныстыру. Семинар сарапшылары қазіргі таңда өзекті болып отырған мәтіндік ұқсастықты анықтау әдістерін қарастырып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және жасанды интеллектті қолдану жөнінде ұсыныстарымен бөлісті.

Семинар нәтижесі — қатысушылардың академиялық адалдық нормаларын сақтау маңыздылығы жөніндегі хабардарлығын арттыру, ғылыми жұмыстардың сапасын жақсарту және университеттің институционалдық стандарттарын нығайту.

Бұл іс-шара ғылыми этиканы нығайту жолындағы маңызды қадам болды және алдағы уақытта жаңа сарапшылар мен заманауи технологияларды тарта отырып, жалғасын табатын болады.

«Антиплагиат мәселесі бүгінгі күні ерекше өзекті болып тұр, және біз осындай іс-шаралардың ғылыми этиканы дамытуға және университеттегі білім беру стандарттарын нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Семинар университетте ғылыми адалдық мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңге айналды, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын жақсарту бойынша болашақ қадамдардың негізін қалады.

2025 жылдың мамыр айында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің "Азаматтық құқық және процесс" кафедрасының "Цивилист" студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) студенттер, оқушылар және оқытушылар арасында маңызды құқықтық мәселелерді талқылауға арналған екі ірі ғылыми шара өткізді.

2025 жылдың 5 мамырында "Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу" тақырыбында ашық отырыс онлайн форматта өтті. Шараға Тараз және Жамбыл облысының колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Отырыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

1 орын:
Серік Нұрасыл Мұхтарұлы – Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, 3ИС 22-2 тобы, 3 курс
Тақырып: "Оқушылар мен студенттердің жеке деректері: оларды қалай қорғауға болады"
Ғылыми жетекшісі – Салыбаева Марал Сатыбалдиевна

2 орын:
Мамазияев Ернар Биймырзаевич – С. Нурмагамбетова атындағы №10 орта мектеп, 10 В сынып
Тақырып: "Правовое регулирование защиты прав и свобод человека и гражданина при сборе и обработке его персональных данных"

Ғылыми жетекшісі - Гурова Алла Викторовна

Едіге Жания Талғатқызы – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей, 11 сынып
Тақырып: "Правовые аспекты защиты персональных данных в цифровой экономике: проблемы и пути решения"
Ғылыми жетекшісі – Фрузенбай Саят Ерланович

3 орын:
Хамзабек Ернар – №47 орта мектебі, 9Ә сынып
Тақырып: "Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу"
Ғылыми жетекшісі – Айсеитова Толқын

Орынбасар Мереке – Айшабибі орта мектебі, 10А сынып
Тақырып: "Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу"
Ғылыми жетекшісі – Нуржигит Асель Досмайыловна

Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!

Қатысқандар тізімі (список участников):

1

Джабаилдаева Гульнар Токсанбаевна

Азаматтық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі

2

«Роль государства в защите цифровой безопасности граждан: закон и реальность»

Шаяхмет Замира Мәдібекқызы – Н.Тілендиев ат. облыстық мектеп-интернаты, 10 сынып

ғылыми жетекшісі – Жайдарова Меруерт Ерланқызы

3

«Право на неприкосновенность частной жизни: как оно реализуется в цифровую эпоху»

Дәулетов Мерей Амангелдіұлы – Н.Тілендиев ат. облыстық мектеп-интернаты, 10 сынып

ғылыми жетекшісі – Кабылбекова Мадина Жамаловна

4

«Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу»

Хамзабек Ернар - №47 орта мектебі, 9Ә сынып

ғылыми жетекшісі - Айсеитова Толқын

5

«Правовое регулирование защиты прав и свобод человека и гражданина при сборе и обработке его персональных данных»

Мамазияев Ернар Биймырзаевич - средняя школа №10 имени С. Нурмагамбетова, 10 В класс

ғылыми жетекшісі - Гурова Алла Викторовна

6

«Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу»

Алимбеков Арсен – №67 орта мектебі, 9 сынып

ғылыми жетекшісі – Ерпаизова Куланда Едиловна

7

«Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу»

Орынбасар Мереке – Айшабибі орта мектебі, 10А сынып

ғылыми жетекшісі – Нуржигит Асель Досмайыловна

8

«Правовые аспекты защиты персональных данных в цифровой экономике: проблемы и пути решения»

Едіге Жания Талғатқызы – специализированный лицей для одаренных детей, 11 класс

научный руководитель - Фрузенбай Саят Ерланович

9

«Жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі дербес деректерді қорғау құқықтары»

Ілиясұлы Қуаныш - Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, 3ИС 22-2 тобы, 3 курс

ғылыми жетекшісі - Салыбаева Марал Сатыбалдиевна

10

«Оқушылар мен студенттердің жеке деректері: оларды қалай қорғауға болады»

Серік Нұрасыл Мұхтарұлы - Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, 3ИС 22-2 тобы, 3 курс

ғылыми жетекшісі - Салыбаева Марал Сатыбалдиевна

11

«Сандық ортадағы бала құқықтары: халықаралық нормалар мен практика»

Райымбек Абылай Мамбетұлы - Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, 3ИС 22-2 тобы, 3 курс

ғылыми жетекшісі - Салыбаева Марал Сатыбалдиевна

12

«Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу кезінде мемлекеттік органдардың құзіреттілігі мәселесі»

Бердібай Бекзат - 6В04214-Құқықтану, 1 курс

ғылыми жетекшісі – Жадраев Ильяс Кенесбекович

13

«Защита персональных данных в Казахстане»

Қасымханова Диана - 6В04213 - Азаматтық құқық және процесс, 1 курс

ғылыми жетекшісі – Кебеева Ботагоз Панарбековна

14

«Цифровая приватность и защита персональных данных»

Рахимжанова Мадина - 6В04213 – Азаматтық құқық және процесс, 1 курс

ғылыми жетекшісі – Кебеева Ботагоз Панарбековна

15

«Жеке мәліметтерді жинау және өңдеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу»

Айтқұл Сабина Байбараққызы - 6В04213 – Азаматтық құқық және процесс, 4 курс

ғылыми жетекшісі – Махан Танзиля Усенбекқызы

16

«Жеке мәліметтерді қорғаудың құқықтық мәселелері»

Сарманбек Рахат Тоқтасынұлы - 6В04213 – Азаматтық құқық және процесс, 4 курс

ғылыми жетекшісі - Махан Танзиля Усенбекқызы

24.11.2025 жылы «Экономика және құқық факультеті»,  «Азаматтық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Т.У. Махан ұйымдастыруымен 6В04214-Құқықтану және «6В04213-Азаматтық құқық және процесс» білім беру бағдарламасы бойынша, 4 курс студенттеріне Атқару өндірісі пәнінен «Жеке сот орындаушыларының мәртебесі» тақырыбында Жамбыл облысы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының директор орынбасары жеке сот орындаушысы Пралиев Бақыт Меирбекович қатысумен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында Б.М. Пралиев студенттерге жеке сот орындаушының қызметі жайында кеңінен ақпарат берді, ашық сабақ тақырыбы студенттер арасында қызығушылық тудырды, топ студенттері жеке сот орындаушыға оның қызметі жайында көптеген сұрақтар қойып оның қызметі жайында қажетті ақпаратты алды. Ашық сабақ барысында жеке сот орындаушысының қызметі туралы алған ақпарат 4 курс студенттеріне келешекте өздерінің қызмет бағытын таңдауға ықпал етеді деп ойлаймын.

2025 жылғы 28 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының ұйымдастыруымен  Тараз қаласы және Жамбыл облысының студенттері, мектеп оқушылары және колледж білім алушыларының арасында «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар арасында келесідей орындар берілді: