Факультет жаңалықтары (Филология)

«Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» атты ашық тәрбие сағаты өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары Биназарова Назым Нұрланқызы мен Сентаева Рита Темірбекқызының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді .

Іс- шараға «6В02211 – Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс және 1 курс студенттері қатысты.

Ашық тәрбие сағаты барысында білім алушылар Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени мазмұнына жан-жақты тоқталып, оның ежелгі дәуірлерден бастау алатын рухани құндылық ретіндегі маңызын талқылады. Студенттер түркі халықтарының дүниетанымындағы Наурыздың орны, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті бейнелейтін мерекелік дәстүрлер, сондай-ақ ұлттық салт-сананың сабақтастығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.

Шараның басты мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени мұраға деген құрмет сезімін арттыру болды.

Наурыз – тек көктемнің келуін білдіретін мереке ғана емес, ол – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың, ізгілік пен жасампаздықтың терең тарихи символы.