Факультет жаңалықтары (Педагогика)

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

01–14.12.2025ж. аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Бузаубакова Клара Джайдарбековна Қырғызстанның Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарда болып, тәжірибе алмасты.
Дәрістер мен практикалық сабақтарда интербелсенді әдістер мен инновациялық технологиялар қолданылып, «Мен-SMART-педагог боламын!», «Менің алғашқы инновациялық жобам!» атты коворкингтер мен тренингтер жоғары деңгейде өтті.
Сапар барысында екі университет арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастық кеңейіп, бірлескен оқулықтар, ғылыми жобалар, магистрлік және PhD бағдарламалар бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Профессордың «Digital Pedagogy» оқулығы қырғыз тіліне аударылып, баспаға дайындалуда. Іс-сапар қорытындысында Клара Джайдарбековна Қырғыз ұлттық университеті ректорының Алғыс хатымен және университеттің 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.