Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Қазіргі медиа: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» атты ашық кездесу өтті

Университетімізде Аян Өтепбергеннің қатысуымен «Қазіргі медиа: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» атты ашық кездесу өтті. Шараға түрлі курс студенттері қатысып, спикер заманауи медиа трендтері, контент жасаудың тиімді әдістері және шығармашылық ізденістің маңызы туралы айтты.

Кездесу барысында Аян Өтепберген өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Әсіресе storytelling, аудиториямен жұмыс, жаңа форматтарға бейімделу және жеке даму мәселелері ерекше талқыланды.