Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Облыстық ғылыми әдістемелік семинар: «Бастауышта жасанды интеллектіні қолдану: мұғалімге көмекші, балаға қолдау».

11.02.2026ж

Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Сманова А.А., аға оқытушылар Спаналиева Г.Т., Шынтаева Н.А. Жамбыл ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №6 орта мектебімен бірлесе ұйымдастырған «Бастауышта жасанды интеллектіні қолдану: мұғалімге көмекші, балаға қолдау» тақырыбында облыстық ғылыми әдістемелік семинар өткізілді. Семинар жұмысына Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскері Баймаханбетова М.С. облыстың 20-дан астам мектеп мұғалімдері, әдіскерлер қатысты. Облыстық семинарда PhD доктор Сманова А.А. «Болашақ педагогтардың ЖИ- функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында , аға оқытушы Спаналиева Г.Т. «Жасанды интеллект дәуіріндегі «білім» және «оқыту» тұжырымдамаларының қайта қаралуы» тақырыбында, аға оқытушы Шынтаева Н.А. «Бастауышта жасанды интеллекті қолдану әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасап, мәселелер мен ұсыныстарды талқыға салды. Облыс аясында өткен семинарда педагог ұйымдастырушылар тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Семинар соңы мұғалімдердің жасанды интеллектіге негізделген ашық сабақтары мен панорамалық сабақтары және концерттік бағдарламаға ұласты. Заманауи білім – жаңашыл көзқарас пен технологияны тиімді қолданудан басталады!