Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Жарты жылдық шығармашылық есеп беру концерті өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айының 29 шы жұлдызы Халықаралық би күніне орай, 6В02101-“Хореография” білім беру бағдарламасы бойынша ПОҚ құрамы жарты жылдық шығармашылық есеп беру концертін өткізді.

Шығармашылық концертке 1,2,3,4 курс студенттері белсене қатысып, өз өнерлерінің майталмандары екенін тағы да дәлелдегендей болды. Концерт қонақтары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Аппарат басшысы Мирас Тұрғынбаев, “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультетінің деканы, ф.ғ.к.,доцент А.Н.Тұрарова  қатысты. “Мәдениет және өнер” кафедрасының меңгерушісі А.К.Кабиева “Томирис” би тобын Алғыс хатпен марапаттады! Жоғары деңгейде өткен “29-сәуір Халықаралық би күні” көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.