Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Желтоқсан рухы – тәуелсіздік жолы!»

15 желтоқсан 2025 ж.

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасының ардагерлерімен тағылымы мол кездесу кеші өтті. Бұл кеш – тарихты ұлықтау, ерлікке тағзым ету және тәуелсіздік құнын терең сезінуге арналған маңызды рухани шара болды.
Кездесу қонақтары: Бердалиев Мурат Азимханұлы – Жамбыл облыстық «Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының төрағасы;

✨ Иманкулова Света Удербайқызы – төраға орынбасары;

✨ Идирисова Дариға Туймебайқызы;

✨ Мырзабеков Ермахан Ормаханұлы;

✨ Агибаева Айтжамал Қамбарзы – ұйым мүшелері.


Ардагерлер сол бір қыстың суық күндеріндегі қазақ жастарының қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігін тебірене еске алды. Мурат Азимханұлы «Төртеудің соты» атты тарихи оқиғаның мән-маңызын түсіндіріп, сол сәт бейнеленген фото-картинаны мекемеге тарту етті.

Кеш барысында студенттеріміздің орындауында ән, күй, сахналық қойылым ұсынылды. Қойылымның шынайылығы соншалық – ардагерлердің көздеріне жас үйірілді.

Соңында арт-терапия арқылы қонақтар өз сезімдерімен бөлісіп, рефлексия жасады.
Бұл кездесу студенттер үшін – ұлт рухын танудың, тарихты құрметтеудің және Тәуелсіздіктің бағасын түсінудің үлкен сабағы болды.

Тәуелсіздігіміздің әр күні қымбат! Рухымыз биік, болашағымыз жарқын болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!