Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім, қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кешіміз — адам жанының тереңдігін өнер тілімен жеткізуге арналған. Сонымен бірге, бүкіл қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына да арналмақ. Ұлы ақынның артында қалған қара сөздері, өлеңдері, қара өлеңдері – адамдық пен ардың жолын насихаттайтын өлмес мұра.

Жастардың патриоттық сезімін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту. Соғыс кезінде мойнына түскен ауыртпалықты көтере біліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен кайсар аналардың өжеттігін паш ету.