Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

17 наурыз күні қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген Наурыз мерекесіне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасы игі шара ұйымдастырды.

Аға куратор Г.А. Касымованың жетекшілігімен және білім беру бағдарламаларының кураторлары: т.ғ.к., доцент Рахманова Ж.С., PhD, доцент Демеуова Г.Б., PhD, доцент Абзалбекұлы Б. қолдауымен  6В07211 – «Инновациялық текстиль», 6В07116 – «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07511 – «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару», 6В07222 – «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері №1 студенттер жатақханасында тұратын студенттерге арнап наурыз көже таратты. Бұл шара – ұлттық дәстүрді дәріптеу, бірлік пен бауырмалдықты нығайту, студенттер арасында жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Дастархан басында жиналған жастар бір-біріне ақ тілектерін айтып, Наурыз мерекесінің шынайы рухын сезінді. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы! Баршаңызға құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз! 
«Текстиль, материалтану және стандартизация»  кафедрасының доценті   Рахманова Ж.С.