Факультет жаңалықтары (Филология)

CESS аймақтық конференциясы 2026

2026 жылы 16-19 маусым аралығында
Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында
Орталық Еуразияны зерттеуге арналған беделді халыкаралық ғылыми алаңдардың, бірі - CESS Regional
Conference 2026 конференциясы өтті.Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - «(Re)thinking
Central Eurasia: Spaces, Societies, and Power»
Конференция жұмысына  әлемнің әртүрлі елдерінен келген, зерттеушілер, докторанттар мен жас ғалымдар қатысып, Орталық Еуразия кеңістігіндегі саяси, әлеуметтік, мәдени және тарихи үдерістегі пленарлық отырыстар, тақырыптық
секциялар, панельдік пікірталастар жане зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылған.
М.Х Дулати атындағы Тараз университеті,  “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы А.М. Есенбаева халықаралық конференцияға белсенді қатысып, өз зерттеуін халыкаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынды.