Факультетіміздің студенттері педагогикалық практиканы сәтті өтуде
ШТ-23-9 тобының студенттері Күнтубай Нұрайлым мен Саламат Еңлік №67 орта мектебінде педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында аталған студенттер өздерін жақсы жағынан көрсете білді, жетекшілер тарапынан жақсы пікір айтылды, мектеп басшылығы тарапынан аталған студенттерді болашақта жұмысқа қабылдауға даяр екені айтылды.
Практикант Зулуфова Милена педагогикалық практикадан сәтті өтіп, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жұмыс барысында ол оқу процесін ұйымдастыруға жауапкершілікті, тәртіпті және шығармашылықпен қарады. Ол өткізген барлық сабақтар нақты құрылымымен, қисындылығымен және білім беру стандарттарына сәйкестігімен ерекшеленді. Ол заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды шебер қолданды, бұл оқушылардың оқу іс-әрекетіне белсенді қатысуына ықпал етті. Мектеп әкімшілігі оның жоғары дайындық деңгейін, бастамашылығын және кәсіби өсуге деген ұмтылысын атап өтеді. Білім беру мекемесінің басшылығы оның тәжірибесінің нәтижелерін оң бағалайды және оны перспективалы, құзыретті және жауапты болашақ педагог ретінде ұсынады.
«Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаасының 3 курс студенті Қыстаубай Гауһар Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясы мекемесінің 9 «Ә» сыныбында «Word formation: Adjectives. Gulliver’s Travels» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, тапсырмалар жүйелі әрі мазмұнды құрылды. Студент оқу мақсатына толықтай қол жеткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.
Жетекшілер практиканттың әдістемелік дайындығын, сабақ құрылымының нақтылығын және сыныппен тиімді кері байланыс орната алуын жоғары бағалады. Әкімшілік тарапынан оның жауапкершілігі, ұқыптылығы және кәсіби шеберлігі ерекше атап өтілді. Жалпы, Қыстаубай Гауһар педагогикалық практиканы жақсы деңгейде өтіп, болашақ білікті маман екенін көрсетті.
