Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

Жастар және Конституция: 2026 реформасына көзқарас

2026 жылдың 27 ақпанында Дулати атындағы Тараз университетінің «Технологиялық» факультетінде «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының базасында  6В07211 - «Инновациялық текстиль», 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», «Өнеркәсіпте стандарттау және сапаны басқару» білім беру бағдарламалары студенттерінің қатысуымен  «Конституция заңы – 2026» жобасы шеңберінде мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдің Ата Заңының маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті нығайту болды. Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі мен демократиялық құндылықтар туралы өз ойларын ортаға салды.

Мұндай тағылымды шаралар – саналы, құқықтық мәдениеті жоғары, ел болашағына бейжай қарамайтын жас буынды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Кафедра меңгерушісі PhD Кауымбаев Р.Т. іс-шараны ашып, кафедраның  профессор- оқытушылары PhD Демеуова Г.Б., Сарыбаева Э.Е., Онлабекова А.Т., магистр Касымова Г.А., Кембаев Н.А., Абутова Р.Д. сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі негізгі тетіктерге тоқталды.

Қорытынды бөлімде ұйымдастырушы доцент Ж.С. Рахманова  Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының берік негізі екенін ерекше атап өтіп, осындай танымдық шаралардың білім алушылар үшін маңыздылығын жеткізді.

Заңды білу – әр азаматтың парызы!

Білімді жастар – жарқын болашақ кепілі!

доцент Ж.С. Рахманова