Факультет жаңалықтары (Жаратылыстану)

23-24 сәуір күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Химия» кафедрасының ұйымдастыруымен «B053-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білімдерін, ал екінші кезеңде эксперимент жасау арқылы білімдерін көрсетті.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Физика және информатика» кафедрасы ұйымдастыруымен

19 ақпан 2025 ж. күні,  «БІЛІМ БЕРУДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА - ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» АТТЫ ЖОБА БАЙҚАУЫ БОЛАДЫ

Байқау Тараз қаласы және Жамбыл облысының мектеп оқушылары арасында өткізіледі.

Жобаның өткізілу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Конкурсқа келесі материалдар жіберіледі:

  1. Автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы акпарат үлгідегі өтінімді толтыру (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.).
  2. Өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы жане оны пайдалану перспективалары көрсетілген жұмыстың сипаттамасы.
  3. Шығармашылық жобаны (бағдарламалық өнімді) әзірлеу кезеңдерін көрсететін мультимедиялык материалдар (презентациялар!!!).

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең – онлайн, хат алмасу. Мектептерді ақпараттандыру 2025 жылғы 23-31 қаңтар. Конкурс материалдарын қабылдау 2025 жылғы 1 ақпанда басталады. Білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға өтінімдерді және жобаларды 2025 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей (қоса алғанда) мына поштаға жіберіледі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған..

2-кезең – офлайн. Жобаны қорғау түрінде байқаудың финалын өткізу (2025 ж. 19 ақпан).

Конкурсқа қатысу үшін жұмыстарды іріктеуді және оларды бағалауды сараптамалық комиссия жүзеге асырады. Байқаудың сараптау комиссиясының құрамына профессорлық-оқытушылар құрамы кіреді.

Конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ақпарат көрсетілген поштада, байланыс телефондарға хабарлап айтылады және dulaty.kz ресми сайтында жарияланады. Жеңімпаздар 21 ақпан күні профессор К.Жолдасованың кабинеті ашылу салтанатында жарияланады. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады және барлық қатысушыларға байқауға қатысу сертификаттары беріледі.

Жоба талаптары:

  1. Жобаны өздері жасап келуі міндетті, сонымен қатар мектеп оқушылары жобаларын әділ қазылар алқасына қорғайтын болады. Кез-келген макет немесе идеялар және жобалар жасап келуге болады. Және жоба қорғаушылары өз жобасының презентацияларын берілген почтаға 16 ақпанға дейін жіберуі тиіс.
  2. Жобаны және сипаттамасын өздерімен алып келуі керек. Рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- жоба 25 беттен аспауы қажет;

- өрістер: сол жақ - 2,5см, оң жақ - 1,5 см, жоғарғы/төменгі - 2,0 см;

- қаріп Times New Roman, өлшемі 12;

 - жоларалық интервал - бірлік;

- абзацтық шегерім (бірінші жолдагы абзац) - 1 см. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды.

Байқауды өткізу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Физика және информатика» кафедрасы.  Жамбыл даңғылы 16а. 5.2 корпус, аудитория 301

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Жаратылыстану ғылымдары факультетінің, «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Г.Б. Идрисованың ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17 сәуірінде «Ту ұстаған – Қожық батыр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шара мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру, теориялық талдау жүргізу және мамандық бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Іс-шарамызға Тараз қаласындағы Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жалпы қатысуға өтініш білдірген студенттер мен оқушылар саны 30 ға жуық болды.

Алғы сөз кафедра меңгерушісі Серубаева Аурика Темірхановнаға берілді. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, мамандық туралы, университеттің стратегиялық бағдармалары туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар сөз Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Махамбеталиева Алияға берілді. Ол қазақ тарихының саяси оқиғаларының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рухани-мәдени маңыздылығына тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелге Жамбыл ауданының Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта орта мектебі, Байзақ ауданы, Сарыкемер Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясы, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясы, Тараз қаласы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы, Тараз қаласы № 66 орта мектебі, №9 Мерке колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Жамбыл ауданы «Бірлесу -Еңбек» орта мектебі, №55 орта мектебі, Тараз қаласы №9 мектебі, Тараз қаласы №6 мектебі, Тараз қаласы №18 мектебі және тарих мамандығының 1, 2, 3 курс үйірме мүшелері белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қожық батыр туралы өмір деректерінен толық мәліметтер айтылды, деректердің әлі де болса толық зерттелмей жатқанын және ол ол туралы архивтердегі негізгі айтылмай жүрген құнды деректердің ғылыми айналымға қосу керектігіне тоқталып өтті.

Тарих мамандығының 2 курс студенттері, үйірме мүшелері Мирзакулова А.П., Смағұлов С.К., Шора А.Б. дөңгелек үстел барысында белсенділік көрсетті. Байзақ ауданы, Сарыкемер Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып окушылары Хамит А., Эргаш А. және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Базарбай Мұрагер, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының 10 сынып окушысы Мэльс Мерей тарих пәнінің мұғалімі Найденова Э.М. жетекшілігімен келген мектеп оқушылары белсенділік көрсетті.

Дөңгелек үстелде белсенділік көрсеткен оқушылар мен студенттер І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдар берілді. Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды және белсенділік білдірген ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табысталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасының 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау ББ-ның 3-курс студенттері Дауренбекова Анель және Қадыр Гаухар ҚР ЖОО-ның арасындағы XVII-Республикалық пәндік олимпиадада 3-орын алды.

Пәндік олимпиада Алматы қаласында Абай атындағы ҚазҰПУ-де 24-25 сәуір 2025 жылы өтті. Жетекшісі аға оқытушы Сұлтанаев Ердос Бақытұлына еңбектері жемісті болсын деп тілейміз!

25 қазан Республика күніне орай еліміздің егемендігін сақтау мен нығайту мақсатында 6В01502- Физика мұғалімдерін даярлау тобымен 8D01502 Физика педагогтерін даярлау БББ-ның докторанты Масатбаева Гүлшаттың ұйымдастыруымен студенттермен сауалнама жүргізілді. Бүгінгі сауалнама бізге студенттердің еліміздің тарихына, егемендік идеясына деген ерекше құрметін көрсетті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Г.Б. Идрисованың ұйымдастыруымен «Әлкей Марғұлан: қызметі, зерттеулері, ғылыми еңбектері»» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция» өткізілді.

Іс шара мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру, теориялық талдау жүргізу және мамандық бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойына мәдени құндылықтарды қалыптастырып, ұлы ғалымның еліміздің тарихы мен этнографиясы саласындағы мол мұрасын жеткізіп, өмірі мен ғылыми жолын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады. Іс-шарамызға Тараз қаласындағы Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері мен оқытушылары және тарих мамандығының 1-4 курс студенттері мен магистранттары қатысты. Жалпы қатысуға өтініш білдірген студенттер мен оқушылар саны 50 ге жуық болды.

Алғы сөз кафедра меңгерушісі Серубаева Аурика Темірхановнаға берілді. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, мамандық туралы, университеттің стратегиялық бағдармалары туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар сөз Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Абсаттарова Гүлсім Абдрасиловнаға берілді. Ол Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы, зерттеулері мен қоғамдағы рухани-мәдени маңыздылығына тоқталып өтті. Тараз қаласы №40 гимназиясынан Умбетова Сати, жетекшісі Бушуева Дарья Васильевна, Жамбыл ауданы Аса ауылынан Айдарханова Шынар Даулетхановна, Тараз қаласы № 66 орта мектебінен Құрмаш Нұрқанат, жетекшісі Амиралиева Г.О, Тараз қаласы №9 мектебінен Пермебай Рауан, жетекшісі Байдуалиева Г.С., Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясынан Мият Анель, жетекшісі Бекмаханов Б.С., Жуалы ауданы, Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясы Мейірхан Инабат және тарих мамандығының 2-3 курс үйірме мүшелері белсенді қатысты.

Тарих мұғалімін даярлау мамандығының 3 курс студенттері, үйірме мүшелері Мирзакулова А.П., Абдуллаев Н.Н. белсенділік көрсетті.

Конференцияның жұмыстарында мазмұнды баяндама жасаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орын жүлделі дипломдар берілді.

Қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды және белсенділік білдірген ғылыми жетекшілеріне Алғыс хат табысталды.

Жаңалық 1