Факультет жаңалықтары (Филология)

"Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының магистранттарының ашық кураторлық сағаты

Факультетіміздің  "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының магистранттары Скачкова Юлия, Шамрай Ксения және Әлім Айсулу ашық кураторлық сағат өткізді. 

Скачкова Юлия «Аналитикалық ойлау – заманауи студенттің әмбебап дағдысы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Ол ақпаратпен дұрыс жұмыс істеу жолдары мен сыни талдау әдістерін қолдану туралы айтып берді.

Шамрай Ксения «Көркем прозадағы кейіпкердің тілдік портреті» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кейіпкердің мінезі оның сөйлеу мәнері, сөздік қоры, интонациясы және стильдік ерекшеліктері арқылы қалай ашылатыны қарастырылды. Сондай-ақ кейіпкердің тілдік портреті дегеніміз не және образды қалыптастыратын тілдік құралдар қандай екені талқыланды.

Әлім Айсулу «Оқу мен күнделікті өмірдегі ақпаратты талдау дағдысы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Студенттер деректерді қабылдау кезінде жиі кездесетін қателіктерді және аналитикалық дағдыларды күнделікті жағдайларда қолдану жолдарын талқылады.