ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
2022 жылдың 27 қыркүйегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Кулажанова Тараз қаласының №38 орта мектебінде мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен «Кәсіптік бағдар беру» жұмысы бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Кулажанова А.С. мектеп бітіруші түлектерді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі білім беру бағдарламалары және өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа ережелерімен таныстырып, түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының өңірімізде алатын орынын, маңыздылығын айқындап, жан-жақты мағлұматтар берді. Сонымен қатар, «Химия және химиялық технология» кафедрасында дайындалатын білім беру бағдарламалары бойынша көптеген керекті мәліметтерді бітіруші сынып оқушыларына жеткізді.
Университет кітапханасымен таныстыру
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» мамандығының бірінші курс студенттеріне, 1-курс кураторы Л. Юсупова басқаруымен, университет кітапханасының оқу залдары мен абонементтеріне экскурсиялар жүргізілді.
Кітапхана білім тарату, рухани және интеллектуалды қарым-қатынас, мәдениет орталығы болып табылады. Кітапхананың жұмысы студенттердің жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, еңбек нарығында білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу мәселелерін шешуге бағытталған.
Кітапхананың негізгі мақсаты – жоғары білім беруді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру – оқу және ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлерге білім алу.
Университет кітапханашылар экскурсия кезінде кітапхананың ресурстары мен қызметтерін пайдалану ережелерімен таныстырды. Электронды каталогпен жұмыс істеу, қашықтан қолдануға болатын деректер базасында ақпарат іздеу бойынша кеңестер берілді. Бірінші курс студенттеріне А.Абдировқа, М.Абезовқа, Р.Арапбекқе, Ж.Әбзелбекке, А.Наурызбай, А.Сағымбекке, сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры үлкен қызығушылық тудырды.
УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайына 2022-2023 оқу жылының әр жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының жүйелі жүргізу есебінде Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен мұражайға экскурсия жургізілді.
Экскурсияның мақсаты студенттерге мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.
Таныстыру жұмыстарын музей қызметкері Қалабаева Ақсауле Тортаевна жүргізді. Университтің бас ғимаратындағы музей 6 залдан тұрады. М.Х. Дулатидың өмірбаяны мен университеттің тарихын, университетті басқарған ректорлардың жасаған жұмыстарын, музейге ескерткіш ретінде тапсырған сыйларын, жазған еңбектерін және музей жәдігерлерімен таныстырып, олардың қолданылу уақытын, тарихын баяндады. Университетімізде оқып жатқан және бітіріп кеткен түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғылым және спорт жеңімпаздары туралы ақпараттар да көп екен. Қолданыстағы болған түрлі заттармен, әшекей бұйымдар, түрлі ыдыстар, дәрі сақтайтын және иіс су немесе әтір құятын ыдыстар, т.б. бұйымдар жетерлік.
Еліміздің ендігі даму бағдары
Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Ал саяси жаңғырулар экономикалық оң өзгерістерге әкелері сөзсіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Әділетті Қазақстанда біркелкі қоғамның бейнесі қалай болуы тиісті екенін айқындап берді. Мемлекет басшысы атап көрсеткен еліміздің алдағы даму бағдары, нақты стратегиялық жоспарлар қандай? Текстиль, материалтану және стандартизация кафедрасында өткен «Отанымыз бар, ол Қазақстан» атты дөңгелек үстел отырысында осы мәселелер талқыланды.
Жиында кафедраның аға кураторы Г. Қасымова ашып, Жолдауда көрініс тапқан бірқатар ауыз толтырып айтатындай, оң өзгерістерді атап өтті. Кафедраның доценті т.ғ.к. Ж. Рахманова баяндама (презентация) жасады. Кафедра оқытушылары арасында өзара пікір-таластар айтылды. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі т.ғ.к. доцент М.Шардарбек қорытынды сөз сөйледі.
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫММЕН ӨТКЕН ДӘРІС
Өткен жылы ғылыми жоба жетекшілері «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алған болатын.
Осы жобаны жүргізу мақсатында 2022 жылдың 27-30 маусымы аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасына PhD доктор, профессор-зерттеуші, Роберта Догерти атындағы азық-түлікке арналған су институтына қарасты Небраска су орталығының профессоры және табиғи ресурстар мектебінің директоры Дэниел Сноу кафедраның 2, 3-ші курс 6В05314 – «Химия» білім беру бағдарламасының көп тілді топтарының студенттеріне арнайы тақырыпта дәріс оқыды.
«ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАМДЫ ҚОРҒАДЫМ
Менің мамандығым Елімізде сұранысқа ие және қарқынды дамып келе жатқан мамандықтардың бірі болып табылады. Әр елдің экономикасының дамуы, тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының артуы халқымызды отандық және сапалы өнімдермен қамсыздандырумен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда Қазақстанның былғары және оған байланысты өнімдер саласы 160-тан астам кәсіпорынмен ұсынылған, оның 56 аяқ киімдерді, 54 былғары киімдерді және 51 кәсіпорын үлбір бұйымдарды өндірумен айналысады. Ең ірі өндіріс орындары: «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Almaty Tannery+» ЖШС және «КазЭкспортКожа» ЖШС. Қазақстандағы барлық былғары кәсіпорындарының жалпы қуаттылығы шамамен 54 мың тонна шикізатты құрайды: ірі қара мал және аз мөлшерде ұсақ мал терісі.
Студенттер өндірістік тәжірибеден өтуде
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының 3 курс студенттері 2-ші өндірістік тәжірибені 6В07211 -«Инновациялық текстиль» білім бағдарламасы ЖШС «Фабрика ПОШ-Тараз» кәсіпорынында, 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» білім бағдарламасы ЖК «Кожабекова» өндірісінде, сонымен қатар 6В07511– «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім бағдарламасы бойынша Жанна Т» ЖК, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, АҚ «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Жамбыл филиалы, Тараз қ., Қызылорда облысы, «Қармақшы аудандық ұлттық сараптама орталығы» кәсіпорындарында 30.05.2022ж.-25.06.2022ж. аралығында өтеді.
Дипломдық жұмысты сәтті қорғаумен құттықтаймыз!
2022 жылдың 16-18 маусым күндері 5В073200-«Стандарттау және сертификаттау», 5В075000-«Метрология» және 6В07511-«Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» мамандықтары (білім бағдарламасы) бойынша күндізгі және қашықтан білім алған түлектер диплом жұмыстарын қорғады. Әрбір диплом жұмысы аттестаттау комиссиясының (төрайымы т.ғ.к., доцент Булекбаева К.Б.) алдында баяндалып, тиісті бағаларын алды. Диплом жұмыстарын қорғаған 25 студенттің ішінен 6 студент қызыл диплом иегерлері атанды. Кафедра ұжымы бітіруші түлектерге ақ жол тіледі, тынбай еңбектену арқасында Жаңа Қазақстанымыздың дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
Өндірістік тәжірибе - еңбек жолының бастауы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университеті, «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының 2 курс студенттері 1-ші өндірістік тәжірибені 6В07211 -«Инновациялық текстиль» білім бағдарламасы бойынша Тараз қ., ЖШС «Фабрика ПОШ-Тараз» кәсіпорынында, 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы» білім бағдарламасы бойынша Тараз қ., «Кожабеков» ЖК-де, 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” білім бағдарламасы бойынша Тараз қ., «Теңізбаев» ЖК, сонымен қатар, 6В07511– «Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім бағдарламасы бойынша ЖШС «Меркі ірімшік зауыты», Меркі ауданы, с.Ойтал., «Қазфосфат» ЖШС, Жаңатас қ., «Надыров РБ» ЖШС, Тараз қ., «Super-pharm» ЖШС, Жамбыл ауданы, с.Айша биби., ЖШС «Бурный сүт компаниясы», с.Б.Момышулы, АҚ.«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Жамбыл филиалы, Тараз қ., «ЖМФ-Имсталькон» ЖШС, Тараз қ. кәсіпорындармен жасалған келісім - шарт негізінде 30.05.2022ж. – 25.06.2022 ж. аралығында өтіп жатыр.
1-ші өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізуге жауапты оқытушылар және жетекшілер т.ғ.к. Рахманова Ж.С., т.ғ.к. Халметова Ш.Т., PhDдокторы Джумабекова Г.Б. және PhD докторы Оңлабекова А.Т. тағайындалды.
Студенттер оқу-тәжірибеден өтуде
1 курс студенттері оқу тәжірибелерін 6В07211 - «Инновациялық текстиль», 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” және 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» білім бағдарламалары бойынша 30.05.2022ж. – 11.06.2022ж. аралығында кафедрадағы "Өрнек", "Шебер","Технолог" оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде және «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының зертханаларында өтіп жатыр.
Оқу тәжірибесін ұйымдастыру және өткізуге жауапты оқытушылар және жетекшілер ретінде доцент Рахманова Ж.С., аға оқытушы Касымова Ғ.А., PhDдокторы, доцент міндетін атқарушы Абзалбекұлы Б. және оқытушы Айтоқпақ С.С. тағайындалды.
Жұмыс берушілермен кездесу өтті
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазфосфат» ЖШС қызметкерімен кездесу өтті. Кездесуге кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор Бақытгүл Масалимова, кафедраның профессор оқытушылар қауымы, «Қазфосфат» ЖШС білім беру және даму бойынша Бас менеджері Әсел Тіленшиева және кафедраның 6В05314 Химия, 6В07115 ХИП білім беру бағдарламасының 3, 4 курс студенттері, 5В07200 – БЗХТ мамандығының 4 курс студенттері қатысты.
Кедесуде Әсел Ғабитқызы болашақ маман иелеріне стратегиялық серіктестік бойынша арнайы материалдарға сүйене отырып, «Қазфосфат» ЖШС қазіргі заманғы даму сатысымен, бағдарламаның мақсатымен, болашақтағы атқарылар жұмыс түрлерімен таныстырды. Кәсіпорынның инженерлік техникалық бағыттағы жас мамандарды қызметке тарту бойынша қандай жұмыс орындарын ұсына алатындарын түсіндірді. Берілетін жұмыс түрінің болашақтағы маман иелерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына оң әсері болатындығын жан-жақты түсіндіріп берді.
«Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі»
2022 жылдың 30 мамыры күні 1 маусым балаларды қорғау күніне орай Кітапханалық – ақпараттық орталығы Коворкингте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 – Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының және кафедраның доценті, PhD Матниязова Гүлсім Қадыржанқызының ұйымдастыруымен «Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы құзырлы органдардың қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының І-ші полиция бөлімінің аға учаскелік полицейінің инспекторлары, Ювиналдық полиция тобының жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің қызметкерлері полиция майоры Байназарова Гульзат Жетписбаевна, полиция капитаны Зәбір Баян Тасболатқызы, Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы және Дулати университеті «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі Махамбетов Асқар Болатович шақырылды. Сонымен бірге кездесуге кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 1,2 курс студенттері қатысты.
ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН БАЙҚАУ... Жеңімпаз – Дулати университетінің студенті
Мамыр айының 19 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген облыстық байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің студенттері Айнұр Орақбаева мен Жасұлан Дүйсени қатысқан болатын. 5 мамырда өткен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қос студентіміз де екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өз «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Айнұр мен Жасұлан да топ жарып, екінші кезеңнен де сүрінбей өтті.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ "БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ"
2022 жылдың 29 сәуірінде "Қолданбалы биология" кафедрасы Жуалы ауданында жалпы білім беретін мектептердегі бітіруші сыныптар үшін "Биоалуантүрлілікті сақтау" тақырыбында өте танымдық кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп";" №30 орта мектеп"; "№ 6 орта мектеп А. Пушкин атындағы». Сондай - ақ 6В05112-"Жалпы биология" мамандығының 3 курс студенттеріне әзірленген экотехнологиялар жобалары бойынша қызықты экскурсия өткізді.
Осындай танымдық форматта кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырумен және жүргізумен б.ғ. к., доцент Байтелиева Анар Мұратқызы айналысты, сондай-ақ экотехнологиялар бойынша экскурсияға басты жолсерік болды. Кездесуге "Қолданбалы биология" кафедрасының аға оқытушысы Г. Т.Куандыкова, аға оқытушы А. Т. Жанилова, оқытушы К. Н. Голикова қатысты.
"Менің болашақ мамандығым!" атты тақырыпта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасы 2022 жылдың 4-11 сәуір аралығында кафедра жоспарына сәйкес "Менің болашақ мамандығым!"атты тақырыпта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жиынға кафедраның меңгерушісі б.ғ.к, доцент Зияева Г.К., PhD доцент м.а. Момбаева Б.Қ, аға оқытушылар Қуандықова Г.Т., Ахауова Г.Қ.,Үкібаева Л.О.,Сарсеева Г.Б., Жанилова А.Т. және тағы басқа оқытушылар құрамы Тараз қаласындағы № 1,5, 7, 8, 13, 23, 26 орта мектептері бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға мамандық таңдаудың тиімді жақтарын айтып өтті.
Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.
«Қазақстанда кездесетін сирек және жыртқыш құстардың түрлері мен олардың биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел
15.04.2022 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қолданбалы биология» кафедрасының «Жас ғалым» студенттік ғылыми үйірмесінің «Жануарлар әлемі» және «Қызыл кітап» бағыттарының ұйымдастыруымен«Қазақстанда кездесетін сирек және жыртқыш құстардың түрлері мен олардың биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында орта мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме жетекшілері биология магистрлері аға оқытушылар Қуандықова Г.Т., Үкібаева Л.О. Дөңгелек үстелді «Қолданбалы биология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., доцент Г.К.Зияева ашылу салтанатымен бастады.
Дөңгелек үстелде 13 баяндамашы презентация жасады. Мектеп оқушылары мен колледждер арасындағы орындар презентация ұсыну нәтижелері бойынша марапатталды: Шона Смаханұлы атындағы № 44 мектебі 11 сынып оқушысы Қыялбек Шұғыла 1-дәрежелі, № 3 Мемлекеттік дарынды балаларға арналаған мектептің 9 сынып оқушысы Ділтан Ақниет 2-дәрежелі, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері Бүркітбай Мөлдір және Бақыт Диана 3 - дәрежелі, Жамбыл кәсіптік теміржол колледжінің 1 курс студенті Өмірбек Аян 3-дәрежелі дипломмен марапатталынды.
Химия және XXI ғасырдағы химиялық білім
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасының "Химик" студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) ұйымдастырып отырған Жамбыл облысының жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген "Химия және XXI ғасырдағы химиялық білім" тақырыбында шағын конференция форматында кезекті ашық отырысын өткізді. Мақсаты - білім алушылардың химия саласы бойынша зерттеуге деген қызығушылығын дамыту. Конференцияда білім алушылар химия саласындағы өздерінің ғылыми және креативті идеяларын ұсынды.
Конференцияға 11 баяндама тындалды, оның ішінде Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің, Жібек жолы лицейінің, №46 орта мектебінің, Назарбаев зияткерлік мектебінің, Жамбыл политехникалық колледжінің және Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің білім алушылары қатысты.
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің
Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В07115-“Химиялық инженерия және процестер” және 6В05314-“Химия” білім беру бағдарламасының 3-ші курс қазақ және орыс тобының білімгерлері кураторлық сағаттың күнтізбелік жоспары бойынша “Жетім көрсең-жебей жүр” тақырыбы аясында Тараз қаласының тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы анаға азық-түліктер мен материалдық көмек көрсетті.
Подробнее ...
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Дарханбек Аяулым, Искаирова Альфира, Кали Ганипа Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XIV Республикалық пәндік олимпиадасынан 5В060600-Химия мамандығы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жеткшісі: Phd доктор Калмаханова Маржан Сеитовна.
БОЛАШАҒЫМЫЗ ҒЫЛЫМДА!
12 сәуір ғылым қызметкерлері күні қарсаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетіне қарасты «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының доценттері Маханбеталиева К.Т., Рахманова Ж.С. Тараз қаласындағы И. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясына 11-сыныптар оқушыларына, университетіміздегі ғылыми жетістіктер туралы түсіндірме жұмыстарын өткізіп қайттық.
Мектепке көбінесе кәсіби бағыттау жұмыстары бойынша баратынбыз. Бұл жолғы сапарымыз өзгеше болды. Бітіруші оқушылар да түсіндірме жұмысының тақырыбын естігенде, таңқалғандарын жасырмады.
Ғылыми жоба тақырыбын қалай таңдау керек?
Мектеп пен жоғары оқу орындарының байланысын арттыратын бір тақырып болса, ол – оқушылар арасында өтетін ғылыми жобалар байқауы. Жас жеткіншектерге зерттеу тақырыбы бойынша кеңесті мұғалімі берсе де, әрі қарай мәселе тақырыпты қалай ашуға болады деген сауалға келіп тірелгенде оқытушы-ғалымдардың көмегі керек-ақ. Кей кездерде тақырып таңдаудағы дәлдік жетіспегендіктен, жасөспірім зерттеушілер таңдаған бағыты бойынша тереңге бойлай алмай жататын сәттер де кездесетіні жасырын емес.
Дәрілік өсімдіктердің қасиеттері зерттелуде
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, Технологиялық факультетте, «Қолданбалы биология» кафедрасында жыл сайын зерттеулер жүргізіліп тұрады. Соған қарай ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелеріне талдау жасалады. 2014 жылдан бастап біздің студенттер мен магистранттар «Фитохимия» оқу, ғылыми-өндірістік орталығында ғылыми зерттеулерді қолға алған болатын.
Осылайша, студенттер алған теориялық және практикалық білім тәжірибе жүзінде көз жеткізіп, Жамбыл облысының дәрілік өсімдіктерін зерттеуде. «Фитохимия» оқу, ғылым -өндірістік орталығының негізгі бағыттары мынадай:
- Жамбыл облысы флорасының дәрілік өсімдіктерінің биологиялық белсенді заттарының құрамы мен құрамын зерттеу.
- Әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуде қолдану үшін табиғи қосылыстар негізінде жаңа жоғары тиімді препараттарды іздеу, құру және зерттеу.
- Химиялық қосылыстарды бөлу және Жамбыл облысы флорасының өсімдіктерін биохимиялық зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану.
Құттықтаймыз!
12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күні және профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Осыған орай, Павлодар қаласында орналасқан Торайғыров университетінде жыл сайын 12 сәуір ғылым күніне орай «Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биылда осы дәстүр жалғасып 2022 жылдың 12 сәуірі күні кезекті «XXII Сәтбаев оқулары» атты ғалымдарға, ЖОО мен колледждердің оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларына арналған Халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Осынау Халықаралық конференцияға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 – Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Тажикулова Айым мен Хабидуллақызы Мадина «Жаратылыстану ғылымдары» секциясы бойынша Торайғыров университетіне барып ғылыми баяндама жасап қайтты. Нәтижесінде секциялық отырыстың қорытындысы бойынша Тажикулова Айым І дәрежелі, Хабидуллақызы Мадина ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы силықтармен, сондай-ақ, ғылыми жетекшілері х.ғ.к., профессор, академик А. Асанов пен аға оқытушы, химия магистрі С.А. Мамешова ректордың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Ғылыми қызметкерлер күні
12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді.
Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазанда қол қойған Қаулысымен бекітілген. Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туған күнімен тікелей байланысты. Ол өзінің бүкіл өмірін туған Республикасында ғылым мен оны дамытуға арнады. Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.