ОН ЖЫЛ ҚАТАРЫМЕН ОСЫНДАЙ СТУДЕНТЕРІМІЗДІҢ ТАБЫСТАРЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫ!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің студентері Алматы технологиялық университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасына біздің студентеріміз жеңімпаз болып атанды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «5В073300- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығы бойынша Алматы технологиялық университетінде 2021 жылдың сәуір айының 08-09 күндері өткен республикалық онлайн пәндік олимпиадаға 5В073300- «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» мамандығының 3 курс студенттері Үйсін Гауһар Темурқызы, Сейдалы Жансая Мамырқызы, Әзімбек Кәмилә Ибрагимқызықатысты.Жетекшілері «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану» кафедрасының доцент м.а., PhD Маханбеталиева Камшат Торгайбаевна.
«SCOPUS БАЗАСЫНЫҢ МЕТРИКАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2021 жылдың 9 сәуірінде Дулати университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс докторанты Г.Д.Джетписбаеваның ұйымдастыруымен «Scopus базасының метрикасы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар қонақтары «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1-3 курс докторанттары. Семинар аясында Scopus мазмұны, функционалдығы және құралдары туралы сұрақтар, баспа қызметі, деректерді визуализациялау, рейтинг бойынша журналды таңдау, жаңа ғылыми тенденцияларды қадағалау, әлеуетті серіктестер іздеу, гранттық өтінімдер туралы ақпаратты табу сынды бірқатар маңызды ақпараттар легі қарастырылды. Ғылыми-әдістемелік семинарда жалпыға қол жетімді Scopus базасында индекстелетін журналдар тізімі, Scopus базасының метрикалары жайлы толық ақпараттар келтіріліп, олардың айырмашылықтарын көрсетті. Соның ішінде Impact Factor және Cite Score, SNIP, SJR, percentile, FWCI көрсеткіштерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары атап өтілді.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
2021 жылдың 6 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С.М.Кантарбаеваның ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында» дәрігер мамандарының қатысуымен онлайн кездесу өтті.
БІЛІМДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АЛҒАШ МАГИСТР ТҮЛЕГІМІЗ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Браганса Технологиялық институты (IPB, Португалия) арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы келісімі аясында «Химия және химиялық технология» кафедрасының магистранты Попов Николайдың «Removal of emerging pollutants from aqueous matrices» тақырыбында магистрлік диссертациясы қорғалғаны баршамызға мәлім. 2021 жылдың 31 наурызы Дулати университетінің ғылыми кеңесінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша алғаш түлегіміз - Попов Николай салтанатты түрде дипломын алып, «техника және технологиялар магистрі» дәрежесіне ие болды.
ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ
Ағымдағы жылдың 29 наурызы күні Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасы 6В05314 – Химия мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен заманының «ХХ ғасырдың Гомері» атанған, жыр дүлділі, ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында факультет деңгейінде, ZOOM платформасында ашық куратор сағаты өткізілді. Іс-шараға тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Анарова Ғайни Серікқызы, кафедраның профессор оқытушылар құрамы, 6В05314 – Химия мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы С.А. Мамешова қатысты. Шара барысында топ студенттері Тоқмахамбет Ақназ бен Нұрқұл Мейірім «Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар топ студенттері Бахтиярқызы Диана, Дәулет Аружан, Саябай Аяжан, Серікбаева Жазира, Бельякова Дарья, Инкарбек Улбала, Красник Владислав, Үшкемпір Аяулым, Хидирбекова Мадина, Қуанышбекова Азиза және Әуесхан Ағарыс қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Отанды сүй», «Халық қазынасы», «Алатау», «Халықтың сәлемі», «Сырттанға», «Атаның әлдиі», «Өсиет» және «Ленинградтық өрендерім» сияқты бір қатар өлеңдері мен жыр жолдарын нақышына келтіре оқыды. Іс-шара соңында Жамбыл Жабаевқа арнау атты бейне фильм қатысушылар назарына ұсынылды. Ұйымдастырылған шара болашақ мамандар - студент жастардың өмірлік ұстанымдары мен тұлғалық дамулары үшін тағылымы мен танымдық, тәрбиелік мақсаты зор іс-шара болды.
ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА «АЛҒЫС АЙТАМЫН» ЖӘНЕ «ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» ТАҚЫРЫПТАРЫНДА ФАКУЛЬТЕТ ДЕҢГЕЙІНДЕ ОНЛАЙН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
2021 жылдың 2 наурызында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С.М.Кантарбаеваның ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Алғыс айтамын» және «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыптарында факультет деңгейінде онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөнгелек үстелдің басты қонақтары «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Д.Д. Кульбаева, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушылары: Г.Б.Еменова, Г.У.Мырзапайызова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.К.Масалимова, Технологиялық факультетінің және «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1-3 курс студенттері.
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ХИМИЯДАН УНИВЕРСИТЕТ ІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасында "6В05314-Химия", "6В07115-Химиялық инженерия және процестер", "5В060600-Химия", "5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған химиядан университет ішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты жастардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру болып табылады. «Химия және химиялық технология» кафедрасында пәндік студенттік олимпиада жыл сайын өткізіледі және осы жылы олимпиадаға 1-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 турда өтті. Бірінші турда қатысушылар "Жалпы химия", "Химия", "Бейорганикалық химия", "Аналитикалық химия" курстары бойынша тестілеуден өтті. Екінші турда студенттер жас ұрпақтың ғылыми қызметін жақсартуға бағытталған күрделілігі әртүрлі есептерді шешті. Жұмыстарды комиссия төрағасы Р.Б. Жарлықапованың басшылығымен қазылар алқасының құзыретті мүшелері Калмаханова М.С, Мадимарова Г.Б тексерді.
«МАМАНДЫҒЫҢ - БОЛАШАҒЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы С.А.Мамешованың ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша «Мамандығың - болашағың» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен онлайн кездесу болып өтті. Кездесудің арнайы қонақтары : «Маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімі» қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нүрпеисов Мұхаметжан Кенжетайұлы, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.Қ.Масалимова, профессор-оқытушылар құрамы, Тараз қаласының №39 мектеп гимназиясының, Меркі ауданы №5 Ақарал ЖОББ мектеп гимназиясының, №44 ЖОББМ, №23 Тескентоған орта мектебінің, Талас ауданы С.Шакиров ауылы Ш. Смаханұлы атындағы орта мектебінің оқушылары.
«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2021 жылдың 20 ақпан күні технологиялық факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасында аға оқытушы Э.А.Байбазарованың ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың тиімділігі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.
Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ СТУДЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ РӨЛІ
2021 жылдың 12 ақпан күні технологиялық факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасында т.ғ.к., доцент Р.Б.Жарлыкапованың ұйымдастыруымен Елбасының "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер арасында «Болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі» тақырыбында онлайн конференция-тренинг болып өтті.
УНИВЕРСИТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
«Технологиялық» факультетімен «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің 1 курс студенттерін 2021 жылдың ақпан айының 4 жұлдызында «Туризм және сервис» кафедрасының Гид мектебінің жетекшілері т.ғ.к., доцент Жапсарбеков Ғ.П. және аға оқытушы Дуйсембаева А.Т., 1 курс «Туристік бизнес» кураторы Исмаилова Ж.Ж. және «Мейрамхана бизнесі» мамандығының кураторы Сулейман С.Н. Тараз өңірлік университетінің мұражайына және технологиялық ғимараттың оқу залы, кітапханасына танымдық экскурсия жүргізді. Экскурсия кезінде білімгерлер өздеріне қажетті мәліметтер алды.
БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ!
«Туризм және сервис» кафедрасының 6В11113-«Мейрамхана бизнесі» мамандығының, 2 курс студенттері Еркінбекқызы Айша мен Жексенбай Құндызай Қазақстан Республикасының Парламентінің мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытқаны үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды!
«Туризм және сервис» кафедрасы
БІЛІМГЕ ҚОСАР ҮЛЕСІ!
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Химия және химиялық технология" кафедрасында елеулі жаңалық! 6В05314-«Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, Үшкемпір Аружан Ермекқызы, "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы"қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми- білім беру мекемелері арасындағы "ІІ Халықаралық кітап басылымы","Үздік жас ғалымдар-2020 "жобасына қатысқаны үшін І дәрежелі дипломмен жәнеарнайы"Жас ғалым-2020"төсбелгісімен марапатталды. Жұлдызды жеңімпаздың жетекшісі және тәлімгері, доцент м.а., кафедраның PhD докторы Калмаханова Маржан Сеитқызы осы жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмысында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. Біз жеңімпаздарымызды толағай табысымен құттықтаймыз және оларға болашақ зерттеу жұмыстарында сәттілік тілейміз. Білім мен ғылымның қарқынды дамуына үлес қосып, ел болашағы үшін маңызы зор осындай жобалар ары қарай жалғасын таба берсін демекпіз!
Г.Б.Мадимарова
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының оқытушысы, магистр