«Биология»
Жамбыл педагогикалық институты құрамында 1988 жылы «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының негізінде «Биология» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі ретінде доцент З.А.Дүлқайырова тағайындалды. 1996-1998 жылдары «Жаратылыстану ғылымдары пәндері» кафедрасы, ал 1998 жылы институттарды ірілендіру мақсатында Жамбыл Университеті, Жамбыл технологиялық институты және Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институттары бірігіп, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті болып өзгертілді. Университет құрамында «Биология және экология» кафедрасы құрылды.
2001-2002 жылдың басында «Биология және экология» кафедрасынан «Биология» кафедрасы бөлініп шықты.
2004 жылы Қазақстан білім және ғылым Министрлігінің Жарлығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінен Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты.
Тараз Мемлекеттік университетінің «Биология» кафедрасын б.ғ.к., профессор А.Е. Дәнебеков басқарды.
Ал Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының құрамында құрылған «Биология және БОӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметіне а/ш.ғ.д., профессор Ж.С.Тулеубаев тағайындалды.
2023 жылдың 18 қазанында Жаратылыстану факультеті құрылып, «Биология» кафедрасы соның құрамына енді. Кафедраны б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.К.Зияева басқарып келеді.
«Мақсаты»
Қазақстандық және шетелдік биология бағытында және жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, білімі мен құзыреті бар жоғары білікті биолог – мамандарды даярлау.
«Серіктестер»
«Бітіруші түлек моделі»
Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.
«Биология» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
БИОЛОГ мамандар дайындалуы түлектердің қазіргі заманға тез бейімделетінін көрсетеді. Кафедра түлектері жұмысты тез табады, өзгеріп тұратын әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тез бейімделеді.
В050-«Биологиялық және сабақтас ғылымдар» білім беру бағдарламалар тобы бойынша:
6В05111-«Медиктік-биологиялық іс» білім беру бағдарламасы медициналық биология саласында теориялық білімді, практикалық дағдыларды меңгерген және мамандандырылған зертханаларда заманауи инновациялық технологияларды пайдалана алатын жоғары білікті маман-бакалаврларды дайындау.
6В05112-«Жалпы биология» білім беру бағдарламасы бойынша қазіргі биологияның жаңа бағыттары туралы түсініктері бар және алған білімдерін ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметте қолдана алатын биологиялық ғылымдар бойынша іргелі білімі бар бакалаврларды дайындау.
7М05111-«Жалпы биология» және 7М01505--«Биология мұғалімдерін даярлау» кафедра магистранттарды дайындау ҚР «Білім туралы» Заңы және жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы Ережелері негіздерінде жүргізіледі.
В015-«Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті, психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында негізгі және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ биология мұғалімінің кәсіби міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
6В01533 -Биология (IP)
6В01505–Биология мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- білім беру (жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
- басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары);
- ғылыми – зерттеу ұйымдарында
6В05112-"Жалпы биология" білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- Биолог
- Ботаник
- Зоолог
- Ғылыми зерттеу ұйымдарында
- зертханашы-зерттеуші (биология саласында)
- Өсімдіктер физиологиясы бойынша маман
- Энтомолог
6В05111-«Медиктік-биологиялық іс» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектерінің кәсіби сферасы:
- Биолог
- зертханашы-зерттеуші (биология саласында)
- ғылыми қызметкер (биология саласында)
- Эмбриолог (эмбрионды зерттеу)
- зертханашы-зерттеуші (бактериология саласында)
- зертханашы-зерттеуші (микробиология саласында)
- Эпидемиолог
- Цитолог
Магистратура мамандықтары бойынша:
7М01505-«Биология мұғалімдерін даярлау»
7М05111-«Жалпы биология»
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
- ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар;ғылыми-зерттеу мекемелері;мамандық бағытындағы зертханалар;
- мемлекеттік басқару орындары;ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағыт бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми –зерттеу жұмыстарын орындай алу;жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру;өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы қызметі;
«Биология» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:
- орта білім беру ұйымдары;
- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;
- білім бөлімдері мен басқармалары;
- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.