«Shoe Center» орталығының ашылуы!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында салтанатты түрде «Shoe Center» орталығы ашылды. Жобаның үйлестірушісі Николаос Билалис, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова және Тараз қаласының әкімдігінің өкілі салтанатты лентаны кесіп, ресми ашылумен барлық қатысушыларды құттықтады.

Орталық екі аудиторияны қамтиды: 2.4.111 және 2.3.117 аудиториялар.

Толығырақ

Жоба серіктестері аяқ киім өнеркәсіптерінде!

Жобаның Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген шетелдік серіктестері Дулати университетінің физико-механикалық зерттеу орталығы мен наноинженерлік зерттеу лабораториясын аралағын соң Тараз қаласындағы аяқ киім фабрикаларына барды: «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Ellin Shoes» ЖШС. Олар аяқ киім өндіру технологиясымен және бұйым ассортиментімен танысты. Аяқ киім фабрикасының бас директоры мен жұмысшыларымен әңгімелесу жүргізілді. Аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері және оны соңғы технологиялар мен 3D модельдеу арқылы шешу жолдары талқыланды.

Толығырақ

Жоба серіктестері Дулати университетінде!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында «Қазақстандағы былғары және аяқ киім өнеркәсібінің даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында уоркшоп өтті. Уоркшопқа Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген жобаның  шетелдік серіктестері, Тараз қаласының әкімшілігі, Қазақстан Республикасының былғары және аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері және де университеттің бұрынғы ректоры, академик Өскенбай Мадиев қатысты. Кездесуге жалпы саны 100 адам қатысты.

Толығырақ

Төртінші тренинг – Грекия

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары мен студенттері REILEAP - Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасы аясында 24.04.2023-05.05.2023 аралығында Ханьядағы (Грекия) Крит политехникалық университетінде (TUC) 2 апталық оқыту семинарынан өтті.

Семинардың мақсаты – әлеуетті арттыру бағдарламасын, оқу жоспарлары мен семинар-тренингтерді құру және жүзеге асыру, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде кадрларды даярлаудағы еуропалық тәжірибені зерделеу. Семинар-тренинг Өзбекстан және Қазақстан серіктес университеттерінің қызметкерлері мен студенттеріне арналды.

Толығырақ

REILEAP жобасы қатысушыларының Грекияда кездесуі!

2023 жылғы 2 және 3 мамырда Ханья қаласындағы (Грекия) Крит техникалық университетінде (TUC) REILEAP - Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасының 11-ші жоба отырысы өтті. Кездесуге жобаның барлық серіктестері қатысты.

Жоба үйлестірушісі Николаос Билалис баяндама жасап, кездесудің мақсатына тоқталды: WP1 (Дайындық) және WP2 (Дамыту) жұмыс пакеттерінің соңғы нәтижелерін талқылау; WP4 (Сапа жоспары) және WP5 (Тарату және пайдалану) жұмыс пакеттерін орындаудағы прогресс. Екінші күні отырыс барысында WP3 (Дамыту) жұмыс пакеті қарастырылды, яғни Өзбекстан мен Қазақстанның әрбір серіктес университеті 4 Орталықты технологиялық жабдықтармен жабдықтау, жұмысты ұйымдастыру және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұсынды. Дулати университеті, Әуезов университеті, Ташкент тоқыма институты мен Джизак политехникалық институтының орталықтарының пилоттық тестілеу қызметі, желілік және бірлескен іс-шараларының жоспары қарастырылды.

Толығырақ

REILEAP жобасы ZHEIF-2023 көрмесінде

2023 жылғы 26 және 27 сәуірде Тараз қаласында «Zhambyl Economic and Investment Forum (ZHEIF) – 2023 атты халықаралық инфестициялық форум өтті. 4 елден (Иран, Литва, Қытай және Сауд Арабиясы) және Қазақстанның қалаларынан келген 900-ден астам қатысушылар: жетекші халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері, инвесторлар, сарапшылар мен пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары форумға қатысты.

Толығырақ

REILEAP жобасы DU көрмесінде

Дулати университетінде 18.04.23 күні "Ғылым қызметкерлері" күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге REILEAP жобасы қатысып, қатысушылар қонақтарға жобаның мақсаты мен қазіргі таңдағы нәтижелерін таныстырды.

Толығырақ

REILEAP жобасы қатысушыларының Италияда кездесуі!

2022 жылғы 14-15 қараша аралығында REILEAP жобасы қатысушыларының кезекті кездесуі Politecnico Calzaturiero (Падуя, Италия) өтті. Оған Грекия, Румыния, Түркия, Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жоба туралы: қазіргі статусы мен болашақ іс-әрекеттері туралы сөз қозғалды. Әр университет WP бойынша презентация қорғады: WP2 және WP3 - Даму; WP4 - Сапа жоспары; WP5 - Тарату және пайдалану; WP6 – Жобаны басқару. Жалпылама әр тарау бойынша бюджет қарастырылды және өтіп жатқан оқу тренингтердің нәтижесі талқыланды.

Толығырақ

Үшінші тренинг – Италия

2022 жылдың қараша айының 7 мен 18 жұлдыздары аралығында Италияның Падуя қаласында Politecnico Calzaturiero ұйымдастыруымен Эразмус+ REILEAP жобасының үшінші оқу тренингі орын алды. Тренингке Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Светлана Бурдеева, Нурболат Ташшабаев, "6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары" білім бағдарламасының 2 курс студенті Дәурен Қуатбек және 1 курс студенті Ердаулет Шілдехан қатысты.

Тренинг кезінде "Production management and process control", "Marketing", "Product Customization: tools for design", "Soft skills in manufacturing environment" тақырыптарында лекциялар оқытылды. Соңында сертификаттар табысталды.

Тренингке қатысушылары үшін «Museo della Calzatura Villa Foscarini Rossi Shoe Museum» аяқ киім тарихы мұражайы мен «Footwear Company HIM.CO» аяқ киім фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды.

Толығырақ

Екінші тренинг – Румыния

2022 жылдың шілде айының 4 мен 15 жұлдыздары аралығында Румынияның Яссы қаласында Георги Асаки атындағы Яссы техникалық университетінде Эразмус+ REILEAP жобасының екінші тренингі орын алды. Тренингке Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Шахло Халметова, Лаура Юсупова, Светлана Бурдеева және Асель Байдильдаева қатысты.

Тренинг барысында MindCAD 3D, 2D және Last бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары мен негіздері түсіндірілді. Соңында сертификаттар табысталды.

Толығырақ

Алғашқы тренинг – түркия

2022 жылдың маусым айының 13 мен 24 жұлдыздары аралығында Туркияның Измир қаласында Эразмус+ REILEAP жобасының алғашқы тренингі орын алды.

Тренингке әр университеттен 2 оқытушы және 4 студент қатысты. Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, "8D07211-ББИ" БББ 3 курс докторанты Асель Байдильдаева, "6В07222-ББИТ" БББ 1 курс студенттері Жанел Тұрым, Ажар Алтыбай және Бейбіт Онгдашын барды.

Тренинг барысында былғары мен шикізат сынамалары, былғары дайындау процесстері түсіндірілді. Сондай-ақ "Sepiciler" былғары компаниясымен таныстыру жүргізілді.

Бірінші апта соңында емтихан алынып, оқытушыларға сертификаттар табысталды.

Толығырақ

REILEAP жобасы қатысушыларының Измирде (Түркия) кездесуі

2022 жылғы 9-11 наурыз аралығында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасы қатысушыларының алтыншы кездесуі Эге университетінде, Түркияда өтті. Оған Өзбекстан, Қазақстан, Румыния, Грекия және Түркияның 26 ​​өкілі қатысты.

Кездесуді жоба үйлестірушісі Николаос Билалис (Грекия) ашты. Ол өз сөзінде жобаның жұмыс пакеттерін (WP) іске асыру барысына баға берді: WP1 - Жобаның мәртебесі және келесі қадамдар; WP2 - Ұйымдастыру жұмысы/ курсты жобалау бойынша ұсыныстар; WP3 - Жабдықтарды алу мәртебесі; WP4 - Сапа стратегиясын әзірлеу; WP5 - Тарату стратегиясын әзірлеу.

Аура Михай (Румыния) сауалнамаға талдау жасап, нәтижесімен бөлісті.

Толығырақ

АЛТЫН МЕДАЛЬ!

Жыл сайын Румынияның Дева қаласында Inventcor халықаралық көрмесі өтеді. 2021 жылдың 16-18 желтоқсан аралығында өткен кезекті Inventcor 2021 - халықаралық көрмесінде Erasmus+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP “Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan” REILEAP жобасы алтын медальға ие болды. Құттықтаймыз!

Толығырақ

ERASMUS+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP “REINFORCING CAPACITIES OF HEIS FOR LEATHER AND LEATHER PRODUCTS IN UZBEKISTAN-KAZAKHSTAN” ЖОБАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

2021 жылдың 15 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Эразмус+ REILEAP жобасының мониторингі өтті. Дулати университеті мен Әуезов университетінің командалары қатысқан мониторингті Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – жобаны әзірлеудегі олқылықтар мен кемшіліктерді анықтау, мақсаттарға жету үшін қолданылатын басқару стратегиясын іске асыру мен бағалау.

Мониторинг барысында жобаның жұмыс пакеттерінің орындалу барысы талқыланды: WP1 - дайындау, WP2 - әзірлеу (оқыту), WP3 - әзірлеу (былғары бұйымдары орталығын ашу және жабдықтау), WP4 - сапа жоспары, WP5 - тарату және пайдалану, WP6 - жобаны басқару.

Толығырақ

REILEAP ЖОБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ «ELLIN SHOES» АЯҚ КИІМ ФАБРИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2021 жылдың 2 қарашасында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасының мүшелері серіктес - «ELLIN SHOES» аяқ киім фабрикасының басшылығы Юлия Починок және Периклис Скумприспен кездесті. Кездесу фабриканың өндірістік аумағында тігіншілер, керушілер және пішушілердің қатысуымен өтті. Жоба менеджері Абзалбекұлы Бекжан Эразмус+ халықаралық жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді, және негізгі міндеті - Қазақстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындары жұмысшыларының біліктілігін арттыру және оқыту, былғары сапасын анықтау үшін зертханалармен жабдықтау салаларында көмек көрсету туралы ерекше сөз қозғады.

Толығырақ

ЖОБА МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОФФЛАЙН КЕЗДЕСУІ

2021 жылдың 13-16 қазан аралығында Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасына қатысушылардың бірінші оффлайн кездесуі өтті. Халықаралық семинардың тақырыбы «Actual issues of strategic partnership between HEIs and industrial inerprises of leather, fur, footwear and leather products sector» (Былғары, үлбір, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар кәсіпорындары мен жоғары оқу орындарының стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері).

Толығырақ

ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУЛЕРІ

REILEAP жобасы үнемі онлайн кездесу өткізіп отырады. 2021 жылдың 17 мамыр және 08 маусымында Zoom бағдарламасымен өткен кезекті кездесуде орындалған міндеттер сапасы жағынан да, таралуы жағынан да талқыланды, әрі қарайғы жұмыс жолдары айқындалды және Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізілетін сауалнамалар қарастырылды.

Толығырақ

СЕРІКТЕСТЕРМЕН БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ АЯҚ КИІМ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Университет жеңіп алған халықаралық жоба жеңіл өнеркәсіпке болашақ былғары технологтардың, аяқ киім өндірушілердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Әдеттегідей, пікірталас кезінде ең маңызды және өзекті сұрақ туындады: «Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытуға не кедергі?». Сондықтан, 2021 жылдың 2 наурызында Эразмус+ «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасының мүшелері Абзалбекұлы Б., Джумабекова Г.Б., Мунасипов С.Е., Халметова Ш.Т. және «Таразкожобувь» ЖШС бас директоры Ералы Е.Б кездесу өтті, оның барысында Қазақстандағы былғары және аяқ киім индустриясының өзекті мәселелері талқыланды, олар келесідей тұжырымдалды:

Толығырақ
Top