Жаңалықтар

Дулати университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының жаңа басшысы Николай Александрович Макаровпен жұмыс кездесуін өткізді.

2025 жылғы 8 желтоқсанда жасалған №111-SA шарт негізінде 2026 жылғы 2 наурыздан бастап университетте 9 кластерлерге біріктірілген 31 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілуде. Процесті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүзеге асырады.

Университет қабырғасында «Ақылды қала (Smart City): энергия тиімділігі мен қозғалыс модельдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті: Технологиялық факультеттің «Қолданбалы математика және физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., PhD доктор Толқын Касенова және «Math&Phys» студенттік ғылыми үйірмесі. 

2025 жылдың наурыз айында Тараз қаласында өткен «Қызғалдақ мұра – 2025» фестивалі аясында көлемі 200 шаршы метрді құрайтын алып текемет жасалды. Аталған жобаға «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқу шебері Сейтказиева Лаззат Каратаевна белсене қатысып, ұлттық қолөнерді ұлықтауға елеулі үлес қосты.

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Университет қабырғасында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов профессор-оқытушылар құрамымен және белсенді жастармен кездесу өткізді.

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Басқосу барысында жоғары білім беру жүйесін дамыту, оқу үдерісінің сапасын арттыру және университеттің стратегиялық бағыттары талқыланды.

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.